Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Еңбекті крргау бойынша жумысшылардың, жумыс орнының аттестациялану нэтижесінің қужаттық толтырылуы Жұмыс орындарымен жұмысшылардың жағыдайына қарай қорғалуы, жұмыс орнының аттестациядан қашан өткені туралы мәліметтік аныктаманың (сводный ведомость) болуы. Аттестациялық комиссияның жұмыс натижелері жұмыс орнының аттестациялануының хаттамасы түрінде толтырылады. Хаттамамен бірге берілу керек: - еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмысшының аттестатгық картасы; - бөлімдер бойынша жұмыс орнының анықтамасы және еңбек қауіпсіздігі аттестациясының нәтижелері; - жұмыс орындарының күнделікті жүргізіліп отыратын мәліметтік анықтамасы және қауіпсіздік бойынша өткен аттестациясының нәтижелері; - ұйымныц техникалық қауіпсіздік бойынша жүргізген сауықтыру мақсатындағы мерекелік іс - шараларының жоспары; Еңбек қауіпсіздігі бойынша өткізілген жұмыс орындарының аттестациясының кұжаттарымен материалдары 45 жыл сақталынуы тиіс. 2.6. Еңбекті қорғау бойынша нұсқамаларды ецдеу Еңбекті қорғау және еңбек қәуіпсіздігі бойынша нұсқамалар бұл - нормативтік акт, өндірістік мекемелерде орындалатын жұмыстардағы ецбекті қорғауға қойылатын талаптар болып табылады. Еңбекті қорғау бойынша мекеме жұмысшыларына түрлі нұсқамалар беріледі. Ол кәсіподақтың алдын ала берген кеңесінен соң Республикалык орындаушы билікте бекітіледі. Бұл нұсқамалар еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес, берілген нақты мерзім ішінде әрекет етеді. Нұсқамалар әрбір маманға, болімдерге жекелеп арнайы жазылады (тігіншілерге, тоқыма бөліміне, пеш бөліміне, ұн белу бөліміне және де т.с.с.). Сонымен қатар жұмыс орындарының әрқайсысына (биіктегі жұмыс, монтаж бөлімі, сылақ бөлімі, жөндеу жұмыстары, сынақ жүргізу бөлімі) белек жазылады. Нұсқамалар жұмысшыларға жадынама, ескертпе түрінде қауіпсіздік шаралары немесе технологиялық құжат түрінде жазылып беріледі. Егер түрлі нұсқама болмаса, нормативтік акт ретінде нақты түрдегі жағдайлар деп белгіленеді. Нұсқамалар сипаты және өткізілу уақыты бойынша мынадай бөлімдерден тұрады: - қауіпсіздік шараларының жалпы талаптары; - жұмыс алдындағы сақталатын қауіпсіздік шаралары; - жұмыс барысында сақталатын қауіпсіздік шаралары; - апаттық жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары; 65
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==