Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қазіргі кезде өндірістік факторлар анықгалған жағдайда оның қай аймақта екені дәл анықталады, ол аймақ өлшемін нормативтік есеппен белгілейді. Жұмыс орнында қауіпті ондірістік факторлар көп болған жағдайда ол құрылғылар алынып тасталады. Қауіпсіздік шаралары өндірістік факторлардың жалпы алдын алуға есептелі-ен болу керек. Жеке тұрғыдағы қауіпсіздік шаралары нақты бір ғана өндірістік факторға негізделеді. Ал жалпы тұрғыдағы қауіпсіздік шаралары жұмыс түрлеріне де, жұмысшыларға да арналған. Онда алдын ала ескертпе белгісі жалпы қауіптің барын және қандай деңгейде екенін білдіріп тұрады. Оның нәтижесі бойынша хаттама толтырылады. Жұмысшылардың қауіпсіздігін қорғау әдістері әрбір жұмыс орнында жасалып жұмысшының жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) белгіленеді және олда хаттама ретінде толтырылады. Жүмыс орнынан берілген ЖҚҚ еңбек шартында көрсетіледі және де еңбекті қорғау мен еңбек қәуінсіздігі талаптарына сәйкес жасалады. Қауіпті және зиянды ондірістік факторлардың көрсеткіштерін анықтау Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізімін тексеруді талап ететін нақты көрсеткіштер, жүмыс орнындағы қауіпсіздік шараларының сақталуымен жеке еңбек қәуіпсіздігі талаптарының бағалануына сәйкес орнатылады. Бұл факторлар нақты тексеруді талап етеді және жұмыс орындарына бағаланып болған соң ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес орнатылады. Жумыс орындарындагы ецбек жагыдайын нақпіы багалау Жұмыс орындарындағы нормативтік қүжаттар талагіқа сай болмаса (сызбасы толық емес, бағалау өлшемдері нақты емес) бұл өндірістік қауіпті факторларға апарады. Мекеме базасында жұмыс орындарының әрбір факторға байланысты мәліметтер толық болу керек. Қауіпті әсерлердің жұмысшылар ағзасына қанша уақытта белгі беретінін мемлекеттік — санитарлық - эпидемиялогиялық бақылау мекемесінің мамандары анықтап береді. Мұндай қауіпті әсерлер жұмыс орнында аз немесе мүлдем жоқ деп табылса, ол мекеме еңбекпен қорғау нормативтік талаптарына сәйкес деп танылады және аттестациядан өтеді. Ал егер бұлай шықпай керісінше бағаланса, қауіпсіздік талаптарына сай емес деп танылып, ол мскеме жабы лады. Бағалау нәтижесі хатамаланып аттестация картасына түсіріледі, одан кейін аттестация шешімі ретінде комиссияда қарастырылады. 64

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==