Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Кәсіпорындағы жарақат алу факторларын бағалаудың негізгі бөлімдері: өндірістік құрылғылар, бейімдеу, құрал - жабдықтар, нұсқаулықтар, жұмысшыларды үйрету және оқыту. Егер жұмыс орындарында зиянды, өмірге қауіпті факторлар болмаса немесе өте аз мелшерде болса және барлық талаптар орындалған жағдайда кәсіпорын атгестациядан өте алады. Ал жұмыс орнында бұл факторлар көп екені анықталған жағыдайда ол аттестациядан өтпейді, құқықтық нормативтік заңға сәйкес қайта каралып жабылады, ал жұмысшылар сауықтыру орындарына жіберіледі. Аттестация нәтижесі жұмысшыларға толығымен жеткізіледі, ол туралы мәліметтер мемлекеттік бақыпауда болып 45 жыл сақталады. Атгестацияның өтілуі өнеркәсіптің басшылығына тапсырылады. Аттестация комиссиясын ұйьиндастыру - еңбек жағыдайындағы барлық жұмыс орындары туралы мәліметтерді жинайды; - сараптама негізінде барлық алынған өндірістік жарақаттар себептерін анықтап, барлық қауіпті деген орындармен құрылғыларды анықтайды; - жұмыс орнындағы қауіпті, зиянды деп табылған факторлардың бэрін, сондай - ақ ауырлық түсіретін әсерлер көрсеткіштерін бағалайды; аттестация нәтижесінде барлық жұмыс орындары автоматизацияланып өндірістік код жасалады; - жұмыс орындарының әрі қарай пайдаланылу мүмкіндігі ұзартыльш шешім шығарылады, бұдан соң еңбек жағдайы жақсартылып жұмысшыларды сауықтыру шаралары өткізіледі; - аттестациядан соң жұмыс орнының басшысы бұйрық шығарады, онда жұмыстарға баға беріліп және нәтижелері расталады. Осы нәтижелер негізінде аттестация комиссиясы сертификаттау талаптарына сәйкес ережелер жасап іс - шаралар ретін даярлайды. Жұмыс орындарына жасалған аттестация материалдары негізінде ондағы өндірістік жарақат алу себептері, кәсіптік ауру табу туралы мәліметтер жинақталып, еңбекпен қорғаудың іс - шаралары жасалады. Әрбір жұмыс орны бір немесе бірнеше ауысыммен істелсе де ол бір орын болып саналады. Жұмыс орны бағаланбас бүрын еңбекпен қорғау талаптарына сәйкес тиісті технологиялық құжаттарымен нұсқаулықтары толық көрсетілу керек. Өмірге қауіпті факторларларды белгілемес бұрын онын адамға тигізер әсерін анықтап алу керек. Бұл факторлар екі категорияға бөлінеді. Өндірістік процесс кезіндегі (машинаны қозғалысқа түсіру, жұмыс орнының биік жерде орналасуы оның қалыпты жұмыс істеп тұруы); Техникалық жүйе бұзылған жағдайда (машина кері айналып, от жарқылдау). 63
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==