Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

- жұмысшыларға керсетілетін жеңілдіктермен өтемақы төлемдері болса, жұмыстың ауырлығымен, адам денсаулығына зиян екені анықталған жағдайда заңмен қарастырылады; - жұмысшылар мамандыққа байланысты ауру тауып, оның кәсіптік ауру екені расталып және еш даусыз деп сот шешімімен келген жағдайда қарастырылады; адам денсаулығына тигізер зияны анықгалып ол цех эксплуатациясынан, технологиядан аластатылды, ол құрылғыны қолданудан алынып тасталғаны туралы мәліметтердің нақты екенін қадағалайды; - жұмысшыларға жұмыс орнының еңбек келсім шартында көрсетілгендей екенін дәлелдеп, жұмысшыларға көрсетеді; жұмысшыларға қойылған жеңілдіктермен компенсациялық төлемақылардың дұрыстығын, адам денсаулығына қауіпті деп табылған құрылғылардың алынып тасталғандығына есептік құрылымдар жасайды; - әкімшілік - экономикалық санкциялар (әсерлік өлшемдер) анықтап еңбекпен қорғау және қамтуда тәртіп бұзылған жағдайда оған кінәлілерді іздеуді қарастырады. Жұмыс орнын аттестациядан өткізу уақыты ондағы еңбек уақытына қарай бес жылда бір рет болып тұрады. Аттестациядан өту әдетте кәсіпорынға жаңа құрылғылар орнатылып, технологиялық үрдістер енгізілген жағдайда, ұжымдық сұраныс болғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік заң органдарының талап етуімен (онда құқықтық тәртіп бұзылғыны анықталса) өткізіледі. Аттестация нәтижелері еңбекпен қамту және қорғаудың талаптарына сәйкес жұмыс орнының аттестациялық картасына жазылады. Өндірістегі зиянды және қауіпті деп табылған факторлар параметрлерін өлшеу, жұмыс үрдісінің ауыр екенін дәлелдейтін көрсеткіштср сол мекеменің зертханалық бөлімдерінде жасалады. Бұл көрсеткіштерді анықтайтын технологиялық құрылғылар болмаған жағыдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық - эпидемиялогиялық бақылау орталықтарынан мамандар шақырылады. Жұмыс орындарында жарақат алу - оны бағалауды кәсіпорынның өзі өткізеді немесе тапсырыс бойынша оны анық анықтауға құқы бар басқа кәсіпорыннан мамандар шақыра алады. Аттестация комиссиясының кұрамына - еңбекпен қамту және қорғау қызметінен, әлеуметтік төлем ұйымынан, кәсіпорынның барлық бас мамандары, медициналық қызметкерле, кәсіподақ және еңбек ұйымынан келген адамдар кіреді. Аттестацияда - жұмыс орындарындағы барлық кауіпті, зиянды факторлар (биологиялық, физикалық, химиялық) сондай - ақ шаршататын, ауырлық әсерлердің борін қарастырады. Өндірістік факторлардың әсерін құрал - жабдықтармен өлшейді және хаттама толтырады. 62

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==