Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Еңбекті қорғауды басқару жүйесі - мекемелерді басқару жүйесінің негізгі бөліктерінің бірі, ал жұмыс орындарын аттестациялау осы жүйенің шешуші элементгерінің бірі болып табылады. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау — өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет. Еңбекті қорғаудың сызбалық - құрылымдық және технологиялық құжатгары - ұжымдық келісім - шарт негізінде және бақылау ұйымдарының ережелері түрінде жұмыс беруші мен жұмыскер арасында орган қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Еңбекпен қамту және қорғау ережелері - өндірістік жарақат алу себептері кәсіпгік аурулар талдамасы (анализдері) негізінде жасалады. Сондай - ақ ондірістік техникалармен, құрал — жабдықтармен және олардың адамға тигізер кері әсерлері туралы сараптамалардың нәтижелеріне сәйкес, тұрақты істеп жатқан жұмысшылардың міндетті сертификаттау негізінде қарастырылады. Еңбекпен қамту және қорғау келісімі бұл - жауапты тұлғалардың іс - әрекеттерді құқықтық жоспарлауы және уақытында орындауымен өткізуі. Бұл келісім екі жақгың қол қойған күнінің сол сәтінен бастап өз күшіне енеді (жұмыс беруші және жұмысшы немесе ұйымның мүшесі арасында жасалады). Егер оған өзгерту немесе қосымшалар енгізілу қажет болған жағдайда екі жақтың қатысуымен өзара келісімі неіізінде жасалады. Тексеру қажет болған жағдайда екі жақ бірлесе отырып қажетті құжаттардың бәрін әкеліп көрсетуі тиіс. Кеткен піығындар нақты түрде арнайы үлгіде толтырылып расталады. Іс - шараларды қаржыландыру республика көлеміндегі арнайы өндірістік еңбекпен қорғау және қамту мақсатындағы аумақтық ыңғайлы бағдарламамен жасалады. Ол республикалық бюджет, жергілікті бюджет және басқада табыс коздері қаржысының есебінен өтеледі. Сондай - ақ жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қатысуымен Қазакстан Республикасының заң нормативтерінің құқықтық актлері негізінде қарастырылады. 2.4 Еңбекті қорғау жүйесінде жұмыс беруші мен қызметкерлердің әлеуметтік серіктестіктері. Қоғамдық бақылау ұйымы Еңбекпен қамту және қорғау бағытындағы жұмыскермен жұмыс беруші арасындағы әлеументтік серіктестік. 58

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==