Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
ұйымның тәжірибесімен менеджменттің ішкі жүйесіне енгізілген қызметкерлердің денсаулығын қорғаумен еңбек қауіпсіздігінің сақталуы олардың шығарған өнімінің бәсекелестік деңгейінің жоғары болуына әсерін тигізеді. OHSAS 18001-99 «Қызметкерлердің жеке қауіпсіздігімен денсаулығын қорғаудың басқару жүйесі». Ол өзіне халықаралық стандарттың ИСО сериялы 9000 (сапалық басқару) және 14000 (қоршаған ортаны қорғау) ережелерінің негізгі талаптарын мақсат егіп алды. Еңбекпен қорғауды басқарудың негізгі талаптары - барлык мекемелерді (кадрлық, әкімшілік, қаржылық менеджмент және сапалық менеджмет) біріктіріп бір жүйелік басқаруға енгізген. Басқару (менеджмент) жүйесінің әдістемелік және жүйелік құрылымы - қазіргі кезде, жоғарыда аталған жалпыға танымал халықаралық стандарт- ИСО серияларымен анықталады. Еңбекпен қамту және қорғау қызметі мекемелерінің ең негізгі мақсатының бірі - СУОТ жүйесін дамыту және тәжірибеге енгізу болып табылады. Кез келген бағытта басқару дегеніміз - іс-әрекеттің тұрақты жоспарлы түрде жұмыс істеп, іске асырылуы, алға қойған мақсатына жетуі. СУОТ-ты құру үшін ұйымдастырушылық - әдістемелік стандарттармен ережелер қарастырылып ескі әдіс - тәжірибелердің тиімсіз түрлері өзгертіледі. Еңбекпен қамту және қорғау қызметкерлердің тек өндірістік жарақаттар алуымен ғана емес, мекемедегі еңбекпен қоргаудың деңгейімен (Кб — коэфициентімен) бағаланады, яғни мекеменің әрбір бөлімінде түрлі құрал - жабдықтарға қарай қызметкерлердің бейімделуі, ондағы еңбектің санитарлық - гигиеналық жағдайы жүмыстың жоспарлы түрде орындалуымен байланысты. Мүндай бағалау - жүмыс орындарының, ондағы құрал - жабдықгардың жалпы күйін бағалап, қауіпсіздік шараларын, жүмыстың алдыңғы қатарда жүргізілуін, сондай - ақ мастер, прораб т.б жұмыс жетекшілерінің қүрамының сақталуын қамтамасыз етеді. СУОТ стандарттық жүйесінің негізі — мекемедегі жетекшілерге арналған еңбек қауіпсіздігінің жүйелік міндеттемесі және барлық жүмысшыларды еңбекпен қорғауға міндетті карым - қатынасы. Мүндағы басты нәрсе басқару жүйесінің сертификатталынуы, яғни есептік талаптарда (қүжаттар тобын даярлау) жүйеге енгізілген. Басқарудың сертификатталыну жүйесі - мекемеге тек басқаруды енгізіп қана қоймай есептік талаптармен (ішкі аудит, жазбаларды баскару, түзетулермен ескертпелер) қатар автономдық жүйелеуді және жүйенің өзін - өзі дамыту жүмыстарында басшылардың қатысуынсыз өздігінен реттеп отырады. Еліміздегі интеграциялық үрдіс - енді жақын уақыттарда басқару жүйесінен басқару ережелерінің әлемдік қоғамдастық талаптарының нормаларына сай кешенді түрде жаңаруды талап етеді. 57
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==