Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- еңбекті қорғау аймағындағы техникалық білімін насихаттау; - еңбекті қорғау аймағындағы техника мен ғылыми жетістіктері және озат тәжірибелердің таралуы жегкізілуі. Еңбекті қорғау аймағындағы насихатгау тапсырмасының шешімі мына жолдармен жеткізіледі: - кинофильмдер мен видеофильмдер көрсету; - дәріс, баяндама және сұхбат өткізу; - жаңа кітаптар мен плакаттар туралы ақпарат; - мерзімді көрме ұйымдастыру; - зауыттын радиохабарлағыштарын, қабырга газетін, еңбекті қорғаудың стендтерін қолдану. Еңбекті қоргау аймагындагы насихаттау мынаган себеп болу керек: - әрбір жұмысшының санасына еңбектің жайлы жағдайын жасаудың мәні жайлы, өндірістік санитариялар және қәуіпсіздік техника ережелерінің және нормаларының барлығының міндетті түрде орындалуы, еңбек және технологиялық тәртібінің сақталуы, жарақаттанулардың алды алу және кәсіптік сырқаттар бойынша іс - шаралардың өткізілуі керек екендігі жайлы жеткізілуіне; санитарлық - гигиеналық құрылғылар мен қәуіпсіздік техникасының заманауи құралдарының уақтылы енгізілуіне; - еңбектенушілердің техникалық деңгейінің жоғарылауына. Ғылыми - танымал және оқу кинофильмдері және техника қәуіпсіздігі фильмдері, өндірістік санитариялар, техникалық эстетика бойынша видеофильмдер және басқа да сұрақтардың насихаттауының нәтежиелі құрапы болып табылады. Кинофильмдер, видеофильмдер, суреттер, сызбалар, сызулар көрсетілімдері техникалық құралдар көмегімен іске асырылады. Еңбекті қорғауда насихаттаудың нәтежиелі формаларының сұрақтарына дәрістер, баяндамалар, сұхбагтар жатады. Еңбекті қорғаудың дәрістері жалпы сұрақтарды қамтыган сияқты нақты дәл сұрақты да қамтып еткізілуі керек. Дәрістің жалпы сұрақтарын қамгу мақсаты тыңдаушылар ой — өрісін дамыту және еңбекті қорғау жайлы жұмыстың дамуына көңіл аударту. Еңбекті қорғаудың нақты бір тақырыбындағы дәріс өндірістік учаскелер және цехтарда еңбек шартының жақсаруына себепші болатын кешенді немесе жеке іс - шараларын насихаттау керек. Дәріс тақырыбына сәйкес келетін өндірістің, оның жабдықтарының, еңбек шартының ерекшеліктерін есепке ала отырып, мазмұндау керек. Еңбекті қорғаудағы нақты кемшілігін талдан және дәлелдеп олардың болмауына кепілдеме беру керек. Дәріс - сызу, схема, плакаттар, фотосуреттер және видеофильмдер сияқты көрнекі құралдар көмегімен көрсетілуі керек. 54
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==