Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторымен орнын босату туралы немесе жүмысты тоқтату туралы материалдар сотқа жіберіледі. Бұл жағдайды сотта қарастыру үшін міндетті негіздеме ретінде еңбек шартындағы мемлекетгік экспертиза қорытындысы қарастырылады. Мемлекеттік экспертиза оргаидарының қызметкерлерінің мекемелерді, оқу орыпдарын тексеруге құқы бар және еңбек шартындағы мемлекеттік экспертизаны жүргізу үшін қажетті қүжаттарды сұрастыруға немесе алуға құқы бар. Еңбекті қорғауды немесе бақылау және қадағалау рұқсаты бар жалпы ұйымдастырушылармен бірге іске асырылуы мүмкін. Еңбекті қорғау саласындағы жүмыскерлердің құқысын және қызығуын қарастыратын жалпылама бақылау жүргізу мүмкіндігі кәсіподақ арқылы іске асырылады. Кәсіподақ үйымдары: - жүмыскерлердің еңбекті қорғау заңдылығын сақтауын қадағалап, іске асыруға; - еңбек шарты бойынша тәуелсіз экспертиза жүргізуіне жұмыскердің қәуіпсіздігін қамтамасыз етуге; өндірістік жағдайдағы бақытсыздықты, ауруды зерттеген жұмыстарына өз еркімен қатысуына; - жүмыс берушіден немесе басқада жауапты тұлғалардан еңбекті қорғау жағдайының жай күйі бойынша және де барлық өндірісте болған бақытсыз жағдайлар мен кәсіби аурулар туралы ақпарат алуға; - жүмыскердің өміріне және денсаулығына қәуіп төнген жагдайларға байланысты жұмысшы тоқтату талаптарын көрсетуге; - еңбекті қорғау талаптарының бұзылу себептерін тауып, оны жою жолдарын жұмысберуші міндетті түрде қарастыруды қамтамасыз етуге; - еңбекті қорғауды және еңбек жағдайларын тексеруді, еңбекті қорғау бойынша үжымдық келісім шартпен жұмыс берушінің міндеттерінің орындалуын іске асыруға; - еңбекті қоргау бойынша заңды нормативті актілердің жобаларын өндеу жұмыстарына қатысуына, оны Қазақстан Республикасының үкімімен бекітілген тәртіпте келістіруге; - енбекті қорғау талаптарының бұзуына байланысты кінәлі адамды жазаға тарту үшін жауанты органдарға шағынуға; - еңбекті қорғау бойынша ұжымды келісім шартымен қарастырылған заңдардың бүзылуына байланысты еңбек мәселелерін талкылауға қатысуына қүқы бар. Еңбектң қорғау бойынша кәсіптік қоғам және жауапты органдардың сенімді жұмыскерлері мекемелерде, үйірмелерде және оқу орындарында еңбекті қорғау талаптарының орындалуын рұксатсыз, кедергісіз тексеруге құқы бар және жауапты қызметкерлердің қарастыруы үшін міндетті түрде белгіленген мерзім аралығында табылған ақауларды, кемшіліктерді жөндеуге кеңес береді. ' 44

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==