Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қазақстан Республикасының Конституциясымен сәйкестендірілген еңбек қатынасында реттелуі еңбек завдылығымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен жүзеге асырылады. Еңбектік құықықтық нормалардан тұратын еңбек заңдылығын және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік түрде бақылап және қадағалайтын жұмыстарды Қазақстан Республикасының халқын әліеуметтік қорғау және еңбек Министрлігінің мемлекеттік инспектор органы жүзеге асырады. Кейбір салада және ерекше объектілерде жұмысты қәуіпсіз жүргізу үшін мемлекеттік бақылауды еңбек Министрлігінің мемлекеттік инспектор органы мен Қазақстан Республикасының халықгы әлеуметтік қорғау мен еңбек Министрлігімен бірге арнаулы қызмет корсету органы жүзеге асырады. Еңбек заңдылығы және басқа да нормативтік құқықтық актілерді бақылайтын ішкі мемлекетгік бақылауды орындаушы мемлекеттік органдар және жергілікті басқару органдары іске асырады. Еңбек зандылығы және басқа да нормативтік құқықтық актілерді нақты және біркелкі орындалуын қадағалайтын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының бас прокуроры және оның көмекшілері заңмен сәйкестендіріп жүзеге асырады. Еңбекті қорғау талаптарын орындауды бақылап және қадағалап отыратын орталық орын еңбек Министрлігінің мемлекеттік инспектор органы мен Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігіне жүктеледі. Орталық орын жүмыс туралы және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасынын заңдылығын қадағалайтын мемлекеттік бақылау және қадағалау жүмыстарын іске асырады. Берілген еңбек инспекциясы Қазақстан Республикасынын Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентінің заңдарымен, бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасынын үкіметінің қаулыларымен, шешімдерімен және еңбек Министрлігінің мемлекеттік инспектор органы мен Қазақстан Республикасынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2004 жылғы 29 қазанында № 1132 ҚР Үкіметінің қаулысы. Қазақстан Республикасынын басқа мемлекеттік инспекторы Қазақстан Республикасынын жүмысқа қабылданады және жүмыстан босатылады, және барлық республиканың еңбек инспекциясымен бірге жетекшілік жұмысын іске асырады. Еңбекті қорғау талаптарының дұрыс орындалуын бақылайтын және қадағалайтын мемлекеттік орган өз жүмысында еңбек шарты бойынша мемлекеттік экспертизасын пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай экспертиза арнаулы сүраныс бойынша жүргізіледі және мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен қалыптасқан түрде жүзеге асырылады. 43

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==