Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

есебінен және де жағдайларды жақсарту бойынша жұмыстарды қаржыландыру мемлекеттік, салалық және территориялық бағдарламалардың төңірегінде іске асырылады. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының заңдылығымен, жергілікті басқармаларының органдарының нормативті құқықтық актілері қарастырылған республикалық бюджет, жергілікті бюджет және бюджеттен тыс қорек көздерінің құралдарымен жүзеге асырылады. Жұмыс беруші жыл сайын еңбек қәуіпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледі. Қаражат көлемі жеке және (немесе) ұжымдық шарттарда белгіленеді. Еңбекті қорғау және жағдайларды жақсарту бойынша жұмыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдылығын бұзғандығы үшін өндірулерден және де айыппұл есебінен де іске асырылады; ұйымдардың ерікті және физикалық тұлғалардың қаржылавдыру есебінен де жүргізіледі. Қызметкерлер еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту бойынша жұмысты қаржыландыру мақсатына шығыстар шығармайды. 1.6. Еңбекті қорғау саласындагы Мемлекеттік реттеу Еңбек заңдылығының мақсаты еңбек құқыларының мемлекеттік кепілдігін бекіту және азаматтың бостандығын тағайындау, жұмыскер мен жұмысберушілердің құқықтарын қорғау, ыңғайлы жұмыс жағдайларын туғызу болып табылады. Еңбек завдылығының негізгі мэселелеріне еңбек жолдарында тиімді келісімдерге жету үшін қажетті құқылы шарттарды туғызу, сонымен қатар еңбек қатынастарының құқылы түрде реттелуі және оның келесі қатынастармен байланысы: - еңбекті ұйымдастыру және еңбекті басқару; - еңбекке орналастыру; - кәсіптік дайындық, қайта дайындық және жұмыскерлердің мамандық дәрежесін өсіру; - ұжымдық әріптестік, ұжымдық келісім шартқа отыру, ұжымдық келісімдерді енгізу; - еңбек завдарына сәйкес еңбек жағдайын жақсарту барысында жұмыскерлер мен кәсіподактардыц еңбек шарттарын орнықтыруға еңбек заңдарын қолдану; - жұмысберуші мен жұмысшының еңбек жолында материалды жауаптылығы; - еңбек заңдылығының орындалуын бақылау және қадағалау (оның ішінде кәсіподақ қадағалау); - келеңсіз еңбек жагдайларын шешу. 42

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==