Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қәуіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орыидарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға; - еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге; - ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану кезінде, технологиялық үрдістерді іске асыру барысында, және де өндірісте қолданылатын шикізаттер мен материалдардың жұмысшыларға қәуіпсіздігін қамтамасыз етуге; - өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке және үжымдық қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімінің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға; - заңшығармаларда бекітілген еңбскті қорғау талаптарына сай жұмысшылардың әрбір жұмыс орындарының қәуіпсіздігін қамтамасыз етуге; Қазақстан Республикасының заң шыгармаларына сай жүмысшылардың жұмыс уақыты мен демалысын бекітуге; - ондірістік процестер мен жұмыстарды қәуіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өгкізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық қүжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге міндетті. Жүмысшының өз міндеттерін агқару барысында жұмыс қабілеті төмендесе, зақымданса немесе кәсіби ауруларға душар болған жағдайда зиянын өтеп беру сомасы, жұмыс істеу қабілеті қаншалықты төмендегеніне байланысты жұмыс беруші барлық шығынын өтеп беруге тиісті. Өтемақы жүмыс зақымын тексеру барысында анықталады, оган қосымша шыгын, бір мезгілді жәрдемақы, моральды шығынды өтеу жағдайлары жатады. Жүмысшы міндеттерін атқару барысында жүмыс қабілеті төмендесе, жарақаттанса, байқаусызда зақымдануына ешқандай кінәсі дәлелденбеген жағдайда шеккен зияндары үшін төлемақыны өтеу жұмыс берушінің жауапкеріпіліііне жатады. Жұмыс берушінің жауапкершілігі жұмысшыға қаншалықты зиян келгеніне байланысты анықталады. Жүмысшыға жүмыс барысы кезінде жоғары қауіпті факторлардың көзінен туындаған сәгсіз жағдайлар болса, егер жарақаттанушы шамасыздан немесе қасақана жасағанын дәлелдемесе, онда мұндай жағдайларда жұмыс беруші шыгынды толығымен өз қаражаты есебінен өтеу қажет. 39
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==