Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

қауіпті жағдайда еңбек еткені үшін жұмысшыларға жеңілдіктер мен өтемақының тагайындалуы саналады. ҚР Еңбек Кодексі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау \ министрінің 2007 жылғы 31 шілдеде №182-ө бүйрығына сәйкес «Өндірісік мамандық пен міндетгердің тізімі, ауыр жұмыстардың, денсаулықка қауіпті жағдайдағы зиянды жұмыстардың, қосымша жылдық еңбек демалысы төленетін жұмыстардың және оларды қолдану әдісі туралы» және сонымен қатар 2007 жылғы 31 шілде №184-ө бұйрығына сәйкес «Жұмыс берушінің есебінен жүмысшыларға сүт өнімдері мен емдік - профилактикалық қасиеті бар сусындарды беру ережесі, жұмыс берушінің есебінен жүмысшыларды арнайы жұмыс киімі мен аяқ киімімен қамтамасьгз ету және жұмыс жасайтын орынмен қамтамасыз ету ережесі» бұйрығыиа сәйкес жұмысшыларға төмендегідей жеңілдіктер мен өтемақылар тағайындалады: - зиянды және қауіпті жағдайда еңбек еткен жұмысшылардың жұмыс уақыты - аптасына 36 сағаттан аспауы тиіс; - зиянды жағдайда еңбек еткен жұмысшыларға қосымша жылдық еңбек демалысы беріледі; - зиянды еңбек еткен жұмысшыларға жұмыс жағдайына сәйкес (лас жұмыс болса немесе ауасы лас жұмыс болса) тегін арнайы жұмыс киімі, аяқ киімі және де басқа корғаныс бұймдары беріледі; - зиянды жағдайда еңбек еткен жұмысшыларға сүт өнімдері және қажетті азық - түлік өнімдері беріледі. Мүндай талаптардың барлығы жүмыс берушінің қалауы бойынша өз қаражаты есебінен көрсетілетін қызмет түрлеріне жатады. Еңбекке ақы толеу — осы Кодекске және Қазақстан Республикасының озге де нормативтік қүқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жүмыс берушінің актілеріне сәйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті толемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі. Еңбекке ақы төлеудін ең төменгі стандарты (ЕАТС) — ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жүмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының сақталуына кепілдік берілген ең төменгі мөлшері, бұған жүмыс процесінде зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсеріне ұшырай-тын қызметкердің өмірлік күші мен қуагын қалпына келтіруге қажетті азық- түлік өнімдерінін, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді. 'Гөлем ақы — жүмысшының жүмыс істеген ісінің сапасына, қиындыгына, жүмыс жағдайына, жүмысіпы стажына байланысты жүмысшының жасаған еңбегі үшін берілегін сыйақы. Минималды төлсмақы республикалық заңдармен сәйкестендірілген жұмысшының жай жұмыс түрін бір қалыпты еңбек жағдайында толық атқарған уақытынадағы еңбектері үшін төленетін айлық ақы. 30

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==