Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Жұмыс беруші еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істейтін қызметкерлерді мерзімдік медициналық қаралудан және тексеруден өткізуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленгеи тәртіппен өз қаражаты есебінен үйымдастыруға міндетті. Он сегіз жасқа дейінгі жұмысшыларға әр жылғы ақылы демалысы жұмысшының ыцғайлы уақытына байланысты күнтізбе бойынша 31 күн беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметі бұйрығымен жасалатын спорттық жарыстар, театр, кино, театр мен концерттік ұйымдардың бағдарламаларына қатысу және шығармашылық жұмыстардан басқа, мереке, демалыс және түнгі уақытта он сегіз жасқа дейінгі жұмысшыны соларға жіберуге, қосымша жұмыс жасатуға тыйым салынады. Он сегіз жасқа дейінгі жұмысшымен еңбек келісім шарттарын бұзу (соның ішінде жұмыс берушінің қалауы бойынша) тек мемлекеттік еңбек инспекторымен кәмілет жасқа толмаған және олардың құқығын қорғау комиссиясының келісімімен ғана іске асады. Он сегіз жасқа дейінгі жұмысшыларға шығарылым көлемі сол жүмысшыларға мөлшерлес түрде таіайындалған жалпы шығарылымымен тағайындалады . Жалпы білім беретін оқу орындарын және жалпы білім беретін кәсіптік оқу орнын бітірген он сегіз жасқа толмаған жұмысқа тұрушылар және өндірістік тәжірибеден өткен жұмысқа тұрушыларға, заңмен қабылданған нормативтік кұкықтық актілерге сәйкес, төмендетілген шығарылым көлемін тағайындауға болады. Уақьггша төлемақы төленетін он сегіз жасқа дейінгі жұмысшыларға олардың жұмысшының қысқартылған уақытына байланысты төленеді. Жүмыс беруші жұмысшыға толықтай жұмыс уақытын өтегеніне байланысты өз қаражаты есебінен еңбекақы төлей алады. Он сегіз жасқа дейінгі жұмысшылардың уақытша келісімді жұмысы, сол келісілген жұмысына сәйкес ақысы төленеді. Жұмыс беруші жұмысшыға оның күнделікті жұмыс күнінің қысқартылған уақытына сәйкес өз қаражатынан тарифтік қойылыммен ақысын тағайындай алады. Тарифтік ставка (айлықақы) — қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері. Жалпы білім беретін оқу орындарында және жалпы білім беретін кәсіптік оқу орнындарында оқып жүрген он сегіз жасқа толмаған, сондай ақ оқудан бос уақытында жұмыс жасаушыларға төмендетілген шығарылым көлемін жұмыс уақытына пропорционалды тағайындай отырып, жүмыс беруші өз қаражаты есебінен жүмыс күніне төленетін жалақысына қосымша төлемақы тағайындауға құкылы. Еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттің саясатында негізгі бағыттардың бірі ретінде ауыр жүмыс жасалғаны үшін және зиянды немесе 29
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==