Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді қызметгік іс сапарға жіберу, жүмысқа тарту, түнгі уақыттағы жұмысқа тарту, демалыс және жұмыс жасалмайтын мереке күндері жұмысқа шақыру тек ' олардың жазбаша келісімі түрінде және медициналық жағынан тыйым салынбаган деген шартпен ғана рұқсат етіледі. Осы кезде үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге қызметтік іс сапарға жіберілуден, түнгі уақыттағы жүмыстан, демалыс күндері және жұмыс жүрмейтін мереке күндері жүмысқа шақырылудан оздерінің құқығына сай бас тартуға болатындығы жөнінде жазбаша түрінде таныстырылуы тиіс. Демалыс алдындағы жүктілікке, баланы дүниеге әкелу кезіндегі немесе демалыс біткеннен кейінгі балаға қамқорлық жасауына байланысты әйелдің қалауымен сол мекемеде жасаған жұмысының стажына тәуелсіз жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Жүктілік кезінде еңбек келісім шартының уақыты өтіп кеткен жағдайда жүмыс беруші сол әйелдің өтініші бойынша жүктілікте алынатын демалысқа дейінгі еңбек келісім шартын ұзартуға міндетті. Жұмыс берушінің талабы бойынша жүкті әйелдермен еңбек келісім шарты бұзылмайды, тек мекеме жойылған кезде ғана рұқсат беріледі. Үш жасқа дейінгі балалары бар жалғыз басты аналармен, он төрт жасқа дейінгі балаларды, сонымен қатар он сегізге дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші аналармен жұмыс берушіге еңбек келісім шартын бүзуға рұқсат етілмейді. Он сегізге толмаған балаларды зиянды немесе еңбек шарты қауіпті жүмысқа қабылдауға тыйым салынады. Сонымен қатар жер асты жұмыстарына, денсаулығына зиян келтіретін және дүрыс демалуына кедергі келтіретін ойын бизнесі, түнгі клубтардағы жүмыс, спирттік сусындарды шығару, сату, тасу, есірткі және уландырғыш заттарды шығару жұмыстарына қабылдауға тыйым салынады. Он сегіз жасқа толмаған жүмысшыларға ауыр жүктерді қолмен көтеруге, тасымалдауға, бір жерден екінші жерге ауыстыруға байланысты жүмыстардың түрлеріне қойылған шекті көлемнен артық мөлшерде рүқсат берілмейді. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 31 шілдеде №185 бұйрығында «Он сегіз жасқа толмаған жастарды қабылдауға болмайтын жұмыстардың тізімі және он сегіз жаска толмаған жұмысшыларға рұқсат берілетін ауыр жүктерді көтеруге, тасымалдауға немесе орнынан ауыстыруға байланысты салмақтың шекті кәлемі» он сегіз жасқа толмаған жүмысшыларға ауырлықтың шекті өлшемінен аспайтын жүктерді көтеру туралы бекітілген жүмыстардыд тізімдері қабылданған. Он сегіз жасқа толмаған жастар міндетті алдын ала медициналық тексерулерден өткеннен кейін ғана жұмысқа қабылданады және одан әрі, он сегіз жаска толғанға дейін жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуге тиіс. < 28

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==