Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Әйел адамдарға керсетілген шекті көлемнен артық ауыр жүктерді қолмен көтеруге, бір жердей екінші жерге тасымалдауға, орнынан ауыстыруға байланысты жұмыс түрлеріне тыйым салынған. ХӘҚ және ЕМ 2007 жылғы 31 шілдесіндегі № 1 86-бұйрығында «Әйел адамдарға көтеруге болатын салмақ шегі мен жұмысқа орналасу тізімінде» әйел адамдарға шекті өлшемінен аспайтын жүктерді көтеруге, қауіпті немесе зиянды жұмыс түрлері, орындары, мамандықтар тізімі бекітілген. Жүкті әйелдерге байланысты медициналық сараптама және олардың өтініші бойынпіа оларға жүмыс ауырлығы, көлемі азайтылу керек немесе бүрынғы жұмысының орташа жалақысын сақтай отырып шаруапіылықтағы зиян факторлары жоқ басқа жүмыс түріне ауыстырылады. Жүкті әйелге шаруашылық зияндылығы жоқ басқа жұмысқа ауыстыру жөніндегі бұйрық шыққанша жүмыстан босатылады және жұмыстан босатылған күндерінің орташа жалақы көлемі сақтала отырып, жұмыс берушінің есебінен теленеді. Жүкті әйелді тексеретін медициналық орталықтан міндетті диспансерлік текссрісті өту барысында жүмыс орны бойьшша орташа жалақы колемі сақталады. Бір жарым жасқа толмаган балалары бар әйелдердің бүрынғы жүмысын атқара алмаған жағдайда, олардың өтініші бойынша баласы бір жарым жасқа жеткенше бұрынғы жұмысының орташа жалақысы сақталып, басқа жұмысқа ауыстырылады. Әйел адамның өтініші мен медициналық сараптама бойынша жүктілік пен босануға байланысты демалыс уақыты беріледі. Әйел адамның өтініші мен медициналық сараптама бойынша жүктілік пен босануға байланысты демалыс уақыты туғанға дейінгі канша уакыт пайдаланылып қойылса да толық есептелінеді. Әйел адамның өтініші бойынша бала күтіміне байланысты демалыс бала үш жасқа толғанға дейін беріледі. Көрсетілген демалыс уақытында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдемақылардың төлену реті мен уақыты заңмен анықталады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша төленетін жәрдемақыны сақтай отырып, әйел адамның өтінішімен бала күтіміне байланысты демалыс уакытында жартылай жүмыс күнінде немесе үйде жұмыс агқаруға болады. Бала күтіміне байланысты демалыс уақытында жүмысшының жұмыс орны (қызметі) сақталады. Бала күтіміне байланысты демалыстар (жеңілдіктер мен зейнетке шығудан басқа) жалпы және үздіксіз еңбек стажына, мамандық бойынша стажға ссептеліне беріледі. Жүкті әйелдерді қызметтік іс сапарға жіберуге, жұмысқа тартуға, түнгі уақыттағы жүмысқа, демалыс күндері және жүмыс жасалмайтын мереке күндері жұмыска шақыруға тыйым салынады. 27
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==