Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
демалысы бар алты күндік, демалыс күндері көрсетілген арнаулы кесте бойынша жұмыс істейтін апта), Сонымен катар Еңбек Кодексімен, және республикамыздың завдарымен сәйкестендірілген ұжымдық келісім шартымен немесе мекемедегі ішкі еңбек талаптары мен ережелерге сүйене отырып орындалатын жүмыс уақыт режимі, жүмыстың ерекше дәрежелеріне арнап жасалынатын жұмыс аптасын және күнделікті жүмыстың жалғасуын, жүмыстың басталуы мен аяқталуын, жұмыс кезіндегі үзілісті, жүмысты және жүмыссыз күндердің алмасуын да қарастырады. Демалыс уақыты - ол жұмыскердің еңбек міндеттерінсіз бос уақыты және оны өз қалауынша өткізетін уақыты. Мереке күндері — Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері. Демалыс уақытының түрлеріне жататындар: - жүмыс күніидегі үзіліс; - күнделікті (ауысым арасындағы) демалыс; - демалыс күндері (апта арасыидағы үзіліссіз демалыс); - жүмыссыз күндер, мереке күндер; - еңбек демалысы. Еңбек тәртібі — жүмыс беруші мен қызметкерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде, қүрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы. Жұмыс беруші мекеменің Еңбек Кодексімен сәйкестендіріліп үжымдық келісім шартымен, еңбек келісім шартымен, локалды нормативті актімен қарастырылған барлық күқық пен ережелерді қарастырып, жұмыскердің еңбек тәртібін бүзбай жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуы міндетті. Мекеменің еңбек тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен анықталады. Ішкі еңбек тәртібінің қүқығы - локалды нормативті акті. Ол Еңбек Кодексі және басқа да республикалық зацдармен сәйкестендірілген жүмысқа қабылдау және жүмыстан шығару, негізгі қүқығы, міндеттері мен жауапкершілігінің, жұмыс және демалыс тәртібінің жүмыскерге тартылған ізденіс пен мадақтау істерінің тәртіптерін ретгеу жасап отырады. Жүмыскердің бөлек дәрежесіне Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген тәртіп туралы жарғылар мен ережелер шығарылған. Тәртіпті бұзушылық орын алса, яғни өзіне тиісті еңбек міндеттерін орындамаса, жұмыс беруші келесі тәртіпті қолдана алады: 1) ескерту; 2) сөгіс жариялау; 3) сәйкес келуші негізбен жүмыстан шығару. 25
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==