Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

зиян келтірмейтін бос орынды немесе жалақысы темен жұмыс түрін ұсыну қажет. Көрсетілген жұмыс жоқ болса, сонымен қатар жұмыскер ұсынылған жүмыстан бас тартса, онда еңбек келісім шарты тоқтатылады. Еңбек келісім шартында ұжымдық келісім шартқа қарағанда жұмыскердің жағдайын нашарлататын еңбек өзгерістері енгізілмейді. Жұмыскер еңбек келісім шартын екі апта бұрын жазбаша түрде жұмыс берушіге ескерте отырып бүзуға құқысы бар. Жұмыскер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыстан шығуға ескерткен мерзімінен бұрын да еңбек келісім шартын бұзуға болады. Жұмыскер өз еркімен немесе жұмысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндігі болмағандықтан, жүмыс берушінің заңды және басқа нормативті құкықтық актілерін, сонымен қатар ұжымдық келісім шартты бүзған жағдайда жұмыстан шығуы туралы жазылған өтініші бойынша көрсетілген мерзімнен бастап жүмыс беруші келісім шартты бүзуға міндетті. Жұмыстан шығуға жазылған жұмыскердің өтінішінің мерзімі бітпегенге дейін ол кез келген уақытта өтінішті қайтарып алуға құқысы бар. Өтініш бойынша жүмыстан шығу реті орындалмайды, егер жазбаша түрде басқа жұмыскер шақырылмаса, бұл Еңбек Кодексімен және республикалық зандармен еңбек келісім шартын жасауға қайшылық келтірмейді. Жұмыскер жазылған өтініштің мерзімі біткеннен кейін ғана жұмысын тоқтата алады. Соңғы жұмыс күні жұмыс беруші жүмыскерге еңбек кітапшасын, жұмысқа байланысты басқа да құжаттарды қайтару керек және жұмыскердің жазбаша өтініші бойынша соңғы есептеме жүмыстарын жүргізуге міндетті. Егер өтініштің мерзімі аяқталса да, енбек келісім шарты бұзылмаса және жұмыскер жүмыстан шығуын галап етпесе, онда еңбек келісім шартының әсері жалғаса береді. Еңбек келісім шарт жұмыс берушімен келесі жағдайларда бүзылады: - мекеме мүлдем өзінің ісін тоқтатқанда немесе жүмыс беруші мен жүмыскердің арасында келісім тоқтаған жағдайда; - мекеме жүмыскерлерінің штаты немесе саны тоқтағанда; - жүмыскердің атқарып жүрген қызметіне немесе орындалып жүрген жүмысына келесі жағдайлармен сәйкес келмесе: мысалы, денсаулығына байланысты дәрігерлік қорытындының бекітімі бойынша; аттестация нәтежиесінде мамандығы сәйкес келмесе; мекеме бастығының ауысуына байланысты (мекеменің меңгерушісі, оның орынбасары және бас бухгалтер); жүмыскер еңбек міндеттерін бірнеше рет себепсіз орындамаған жағдайда, егер ол тәртіптік ескертпелер алса; жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін дөрекі түрде бүзса: а) жұмыс орнында болмаса (жүмыс күні барысында жүмыскер кемінде себепсіз төрт сағаттан көп жұмыс орнында болмаса); 23

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==