Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Сынау мерзімінде жұмыскердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы және де басқа нақты жағдайда жұмыста болмаған кездері ескерілмейді. Бір мекемеде жүмыс берушінің ұсынысы бойынша тұрақты жұмысқа ауысуы, яғни еңбек міндеттерінің өзгеруі немесе еңбек келісім шартының өзгеруі және басқа мекемеге немесе мекемемен бірге басқа тұрғылықты орынға тұрақты жұмысқа ауысуы жұмысксрдің жазбаша түрде келісуі арқылы рұқсат етіледі. Медициналық кеңестен кейін басқа жүмысқа өтуі қажет жұмыскерді жұмыс беруші, оның келісімі бойынша денсаулығына эсер етпейтін басқа жұмысқа ауыстыруға міндетті. Жұмыскер басқа жұмысқа ауысудан бас тартса немесе сәйкес жүмыс табылмаған жагдайда еңбек келісім шарты бұзылып, тоқтатылады. Жұмыскердің келісімісіз сол мекемедегі басқа жүмыс орнына ауыстырса, ол тұрақты жұмыс ауыстыру түріне жатпайды. Егер еңбек келісім шартсыз басқа бөлімшеге, өз міндеттерінен тыс басқа жұмыс түрлерін талап еткен жағдайларда. Мекемедегі еңбекке кажетті жағдайларға байланысты жұмыс беруші жұмыскерді еңбек шартында көрсетілмеген сол мекемедегі басқа жұмысқа бір ай арасындағы мерзімге ғана, орындалған жұмысы бойынша ақысын төлей отырып, бірақ өзінің алдыңғы жұмысындағы жалақысының орташа есебінен төмендетпей ауыстыруға құқысы бар. Мұндай ауыстыру эр түрлі апаттардың түбірін жою немесе болдырмау үшін, бақытсыз жағдайлардың алдын алу үшін, экономикалық, технологиялық, техникалық немесе ұйымдастырушылық сипаттағы себептер бойынша уақытша жүмысты тоқтату жғдайларын болдырмау үшін жэне де жұмысқа шықпаған жұмыскерді ауыстыру үшін іске асырылады. Әйтсе де мұндай жағдайларда жұмыскерді денсаулығына қарсы эсер ететін жүмыс түріне ауыстыруға болмайды. Келмеген жұмыскердің орнына қызметін атқару үшін ауыстыру шарасы күнтізбе бойынша жыл барысында бір айдан аспауы қажет (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін). Дэрежесі неғүрлым темен жүмыс түрлеріне талап етілетін жүмыстарға, жұмыскердің жазбаша келісімі бойынша ғана ауыстырылуы мүмкін. Үйымдастырушы немесе технологиялық шарттардың өзгерістерімен байланысты себептер бойынша еңбек келісім шарты жүмыс берушінің ұсынысы бойынша өзгеріске рүқсат етілуі мүмкін. Жұмыскер көрсетілген өзгерістердің енгізілуі туралы екі ай мерзім бүрын жазбаша түрде жүмыс берушінің ескертпе хатымен таныстырылуы қажет. Егер жұмыскер жұмысты жаңа шартта жалғастыруына келісім бермесе, онда жұмыс беруші жазбаша түрде сол мекемеден оған мамандығына жэне денсаулығына сэйкес жұмысты үсыну қажет. Мүндай жүмыстың жоқтығына байланысты мамандығы бойынша денсаулығына 22
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==