Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
орнатылған температурадан ±10° С ауытқуымен жоғарылаған жагдайда - тұйыкталады. Кәсіпорындарда автоматты өрт дабылы құрылгылары да қолданылады. Мысалы, түтінді хабарлағыштар орнатылатын автоматты өрт дабылы кеңінен қолданылып келе жатыр. Ол түтінді табу, тұтанған жерді анықтау және өрт туралы жарық және акустикалық белгілер арқылы хабарлау үшін қолданылады. Сонымен қатар, бүл қүрылғы автоматты өрт сөндіру құрылғыларын басқаруға мүмкіндік береді. Құрылғының жалпы сыйымдылығы 10 сәуле, оның үстіне әрбір сәулеге 10 хабарлағышқа дейін қосуға болады. Бір хабарлағыш қадағалайтын аудан 50 — 100 м 2 тең. Өрт дабылы қүралдарын жылдам пайдалану үшін хабарлағыиггарға апарар жолдардың бос болуын, ал жүмысшылар мен қызметкерлердің олардың орналасқан жерлерін білуін және оларды пайдалана білуін жүйелі түрде қадағалап отыру керск. Автоматты өрт дабылын күтетін адамдар үшін кәсіпорынның бас инженері қол қойған және қадағалау органдарымен келісілген нұсқау жасалу керек. 225
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==