Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
қабырғадағы ойықтардың жалпы ауданы оның аудаиының 25% -нан аспауы керек. Өртке қарсы қабырғалар іргетастарға сүйеніп, тұтанатын жабыннан 60 см кем емес биіктікте, ал тұтануы мүмкін жабыннан - 30 см биіктікте орналасуы тиіс. Ғимараттардын арасындагы олардың отқа төзімділік дәрежесімен анықталатын аліпақтықтар өртке қарсы аймақтар болып табылады. 10.2. Өнеркәсіптік кәсіпорындарга қойылатын өртке карсы талаптар Өрт қауіпсіздігі тұрғысынан өнеркәсіптік кәсіпорынға қойылатын ең маңызды талап әрекеттегі заңнамада қарастырылған нормалар мен ережелердің («Қазақстан Республикасындағы өрт қауіпсіздігі ережелері», ҚР төтенше жағдай жөніндегі министрінің 2006 жылғы 8 ақнандағы № 35 бұйрығымен) жүйелі түрде және бұлжытпай орындалуы болып табылады. Өртке қарсы талаптарда адамдарды ғимараттар мен үйлерден эвакуациялауға арналған шаралар қарастырылган. Мысалы, өрт пайда болған жағдайда ғимарат ішіндегі адамдарды эвакуациялық өтпелер арқылы эвакуациялау мүмкіндігі қамтамасыз етілу керек. Баспалдақ марштарының бірінші қабатын қоспағанда, халқы ең көп қабаттарда жұмыс істейтін адамдардың санына қарай анықталатын жалпы ені, сондай - ақ барлық қабаттардағы эвакуациялау жолдарындағы есіктер мен басқа да отпелердің ені 100 адамға шаққанда 0,6 метрден кем болмау талаптарын ескеру керек. Баспалдақ марштарының ені қабырға мен таяныштардың немесе екі таяныіптың арасында 2,4 метрден аспауы тиіс. Баспалдақ алаңшаларының ені марштың енінен тар болмау керек. Әрбір ғимараттагы немесе бөлмедегі эвакуациялық шыға берістердің саны екеуден аз болмайды. Олардын қатарына бір шыға берістің орнатылуына рұқсат етілетін ауданы 300 м 2 дейінгі толе немесе астыңғы қабаттағы (цокольды) белмелер жатпайды. Адамдарды эвакуациялауға арналған есіктер ғимаратган немесе бөлмеден шыга беріс бағыты бойынша ашылуы тиіс. Басқыш шабақтарына мүлік үйіп тасталмау керек және ол жерде қоймаларды немесе басқа бөлмелерді орналастырмаған жөн. Өрт жасақтарының жеке күрамын енеркәсіптік ғимараттардың жабынына көтеругс арналған сыртқы өрт баспалдақтары СНжЕ 2.09.02-85 «Өндірістік ғимарагтар» стандарттарына сәйкес орнатылады. Кәсіпорын аумағының жағдайына ерекше көңіл бөлінген дұрыс. Аумақта қокыстардың жоқтығы, көлік отетін жолдардың материалдармен және қоқыстармен ыбырсымауы, өрт гидранттарына апарар жолдардың бос болуы - ортке қарсы профилактикалық шаралардың ең маңызды шартгары болып табылады. Өрг пайда болған жағдайда кәсіпорынның өрт күзетіне, сондай - ақ қалалық орт жасағына жылдам әрі сенімді хабарлау үшін электрлі өрт 223
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==