Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Тез жанатын сүйықтықтармен бөлме ішінде жұмыс істейтін жұмысшыларға арнайы журналда қол қоюмен қатар, ерт қауіпсіздігі техникасы бойынша нүқсау алғаны туралы карточкалар арналады. Жұмыс орнында нұскау қайта берілу керек. Қауіптілігі аса жоғары учаскелерде жұмыс істейтін жұмысшылармен, қызметкерлермен және инженерлік - техникалық жұмыскерлермен өрт - техникалық минимум жүргізіледі және кейіннен сынақ алынады. Барлық өндірістік, қойма және кеңсе бөлмелерінде сол учаскенің, қойманың, бөлменің ерекшеліктері мен технологиясы ескеріле отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар ілінеді. Аталған нұсқауларды қурастыру кезінде мыналар қарастырылу керек: - өндірістік бөлмелерде шылым шегуге тыйым салу; - майланған шүберектер тасталатын орындар; - машиналарды майлауға арналған майларды сақтау тәртібі мен орны; - электр құрал - жабдықтары мен іске қосу құрылғыларын тексеру тэртібі; - ауа өткізгіштерді тазартудың мерзімділігі (желдеткіші бар цехтарда); - өрт сөндіргіштерді, ішкі өрт сендіру крандарын, врт дабылы сигналдарын орнату орындары және орт пайда болған жағдайда оларды пайдалану тәртібі; - цех ішіндегі өтпелерді және цехтардан шыға берістерді қоқыстауга тыйым салу; - жұмысшылар мен шеберлердің жұмыс аяқталғаннан кейінгі міндеттері; - ерт пайда болған жағдайдағы жұмысшылар мен шеберлердің міндетгері және т.б. Өндірістік цехтар мен учаскелер бөлмелері әрдайым таза және шикізатқа, дайын онімге, жабдықтарға толасып кетпеген болу керек. Сақталыгі жатқан шикізат пен дайын өнімнің көлемі ауысым қажеггіліктерінен аспауы тиіс. Барлық өндірістік учаскелерде, коймаларда және кеңселік белмелерде кәсіпорынішілік бұйрық немесе өндіріс я цех ішілік өкім арқылы өрт қауіпсізді бойыніпа жауагіты адамдар тағайындалады. Бұл бөлмелерді жаппас бұрын жауапты адамдар күзет өкілдсрімен бірге нұсқауға сәйкес бөлмелердің жағдайын тексереді және нүсқаудың барлық пункттарының орындалғанына және тәртіп бұзушылықтардың жоқтығына қол жеткізген соң журналға тиісті жазу енгізіп, бөлмені бекітеді де, кілтті күзетке таисырады. Қоймаларда материалдық қүндылықтар көп сақталатындықтан және қызмет корсетуші қызметкерлер саны аз болғандықтан, олардың орт қауіпсіздігіне ерекше коңіл бөліну керек. 221
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==