Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- едендер жанбайтын материалдан жасалуы тиіс; - дәнекерлеушінің жұмыс орны тақтасы отқа төзімді материалдан жасалған металл қаңқадан құралатын биіктігі 80 см үстелмен жабдықталады; - дәнекерлеу постының ауданы 3 м 2 кем болмау керек; - жүмыстарды бастамас бұрын баллондарды (ацетилен, оттегі баллондарын) тексерсді, және газ ағып кеткен, желдеткіш ақауланған немесе пломбасы мен маркасы жоқ болған жағдайда оларды қоймаға қайтарады; - дәнекерлеу тоғы көзінің желісіне қосу үшін кез - келген маркалы сымдарды пайдалануға болмайды; - кері сым ретінде ішкі теміржол желілерін, жерге қосу немесе нөлдеу желілерін, сондай - ақ ғимараттардың, коммуникациялардың және технологиялық қүрал - жабдықтардың металл құрылыстарын пайдалануға тыйым салынады; - дәнекерлеу кезінде екі сым қолданылу керек; - электродтар зауытта жасалған және дәнекерлеу тоғының дәнекерлеу күшіне сай болуы тиіс; дәнекерлеу агрегатьгның жскелеген бөліктерінің қызу температурасы 75° С аспау керек; - дәнекерлеу тізбегінің тоқ жүргізегін бөліктерінің оқшаулану кедергісі 0,5 МОм төмен болмауы тиіс; - окшаулануы әр үш айда бір реттен кем емес рет тексеріледі. Отпен жасалатын жұмыстарды жүргізу кезінде өртке қарсы бакылаудың негізі өнеркәсіптік кәсіпорындарда отпен жасалатын жүмыстарды жүргізу кезіндегі орт қауіпсіздігі шаралары туралы нүсқаулардың мінсіз орындалуын жүйелі түрде қадағалау болып табылады. Кенеттен түтану көздерінің пайда болуының алдын алу шараларына сондай - ақ мыналар жатады: - кәсіпорында сақталып жатқан көмірдің тұгануына жол бермеу үшін оның температурасын жүйелі түрде тексеріп отыру; - химикатгардың, әсіресе бояу - өңдеу ондірістері бар фабрикаларда дүрыс сақталуын қадағалау. Бір бөлмеде қышқылдарды керосинмен немее бензинмен біргс сақтауға қатаң түрде тыйым салынады. Өртті жылдам сондіру жагдайларын жасау. Барлық кәсіпорындар, өндірістер және цехтар жүйелі түрде алғашкы өрт сөндіру қүралдарымен: сумен, өрт сөндіргіштермен, қүммен, сондай - ақ өрт сөндіруге арналған құралдар жиынтығымен қамтамасыз етіліп отыру керек. Жумысшылардың арасында өрттің алдын алу бойынша уйымдастыру және оку шараларын жүргізу. Кәсіпорындарға жүмысқа алынатын барлық жүмыскерлер алғашқы өртке қарсы нұсқау алу керек. 220
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==