Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
еткізілетін жерлері белгіленеді. Отпен жасалатын жұмыстарды орындау кезінде өрг қауіпсіздігі шараларының қамтамасыз етілуі үшін сол жұмыстар жүргізілетін цехтың немесе учаскенің бастығы жауапты. Жүмыстарды бастамас бұрын цех бастығы, механик немесе учаске я шеберхана басшысы отпен жасалатын жұмыстарды жүргізуге жазбаша рұқсат береді. Нұскауға сәйкес өрг шығу қауіпі жоқ болмелерде отпен жасалатын жүмыстар жазбаша рұқсатсыз жүргізілуі мүмкін. Бірақ аталған жұмыстарды біліктілігі жоғары, нұсқауды толық білетін және өрт - техникалық минимум бағдарламасын үздік меңгерген жүмысшылар жүргізуі тиіс. Отпен жасалатын жұмыстар өрт қауіпті және жарылыс қауіпті кәсіпорындарда жүргізілген жағдайда міндетті түрде жазбаша рүқсат болу керек, оның үстіне рүқсатты тек қана бас инженер немесе оның міндеттерін агқарып отырган тұлға береді. Отпен жасалатын жұмыстарды жүргізуге және дәнекерлеу агрегаттарын, трансформаторларды, газды баллондарды және жанғыш сұйықтыіы бар бактарды орнатуға арналған жерлердің 5 метр радиусындағы айналасы жанғыш материалдардан тазартылуы тиіс. Отпен жасалатын жұмыстарды жүргізуге арнайы біліктілік куәліктері бар адамдарға ғана рұқсат беріледі. Отпен жасалатын жұмыстар жүргізілетін жерлер өрг сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі (өрт сөндіргіштер, қүм салынған жәшіктер, су толтырылған шелектер және т.б.). Өндірістік бөлмелерде және ашық жерлерде орналасқан дәнекерлеу орындары түрақты немесе тасымалды қоршаулармен қоршалын, жанғыш едендер металл табақтармен қапталу керек. Отпен жасалатын жүмыстардың дер кезінде бақылануын қамтамасыз ету үшін оларды жүргізгенге дейінгі күні нысан экімшілігінен рүқсаттың келуі міндетті. Отпен жасалатын жұмыстарға оларды орттен қорғау қызметімен келіскеннен кейін және өрт қауіпсіздігі бойынша барлық шаралар орындалғаннан кейін кірісуге болады. Цех немесе учаске бастығы уақытша дәнекерлеу жүмыстары жүргізілген жерлерді олар аяқталғаннан кейін 3-5 сағат өткен соң тексеретін адамды тағайындайды. Коптеген кәсіпорындарда электр және газбен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы шеберханалар жабдықталады. Мұндай шеберханаларға келесі орттің алдын алу галаптары койылады: - электр дәнекерлеу жұмыстарына арналған ғимараттар мен бөлмелердің отқа төзімділігі талаптарға сай болу керек; - егер электр дәнекерлеу шеберханасы тез жанатын бөлмеде орнатылатын болса, онда дәнекерлеу жұмыстарына арналған орын жанбайтын материалдан жасалған түтас қоршаумен қоріпалу керек. Қоршаудың биіктігі 2 метрден төмен емес, ал қоршау мен еденнің арасындағы арақашықтық 5 см болу керек; 219
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==