Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- бес жылдан коп емес мерзімге созылған (жедел еңбек келісім), erep Қазақстан Республикасының заңдарымен жәнс Еңбек Кодексімен басқа мерзім көрсетілмесе. Жедел еңбек келісім шарты ҚР ЕК көрсетілмеген еңбектік қарым қатынас белгісіз мерзімге бекітілмеген жағдайда іске асады. Егер еңбек келісім шартында мерзім туралы мәлімет қозғалмаса, онда келісім шартты белгісіз мерзімге ғана бекітілген деп есептейді. Егер жедел еңбек келісім шартында көрсетілген уақыт белгіленіп, екі жақгың біреуі келісім шарттың бұзылуын талап етпестен қызметкер еңбегін жалғастырған жағдайда, онда жедел еңбек келісімінде белгілі бір мерзімнің көрсетілмегені болып есептелінеді. Еңбек заңдылығы бойынша мемлекет органдарымен және нормативтік құқықтық актілермен келісілген еңбек нормаларының ережелерімен немесе сот тарапьпіан бақылау жүргізе отырып, еш негізсіз анықталған мерзімге отырылған еңбек келісім шарты белгісіз мерзімге бекітілген болып есептеледі. Екі жақтың келісімі бойынша еңбек келісім шартына отыру кезінде жұмыскердің тапсырған жұмысқа сәйкестілігін тексеру максатында сынауына жол беріледі. Сынау шарттары еңбек келісім шартында көрсетілуі қажет. Еңбек келісім шартында сынау шарты көрсетілмесе, онда жұмыскер сынаусыз қабылданған болып есептеледі . Сынау мерзімінде жұмыскерге Еңбек Кодексінің (ЕК), завдардың, басқа да нормативтік қүқықтық актілердің, жеке нормативті актілердің еңбек ережелерінің нормаларымен, ұжымдық келісімдер мен ережелері таратылады. Жұмысқа қабылдау алдындағы сынау көрсетілмейді: - заңмен белгіленген сәйкес келуші қызметті атқару үшін жүмысқа байқау бойынша кіретін адамдарға; - жүкті әйелдерге; - он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға; - жоғарғы, орта білім беру орындарын бітіріп, бірінші рет алған мамандығы бойынша жүмысқа орналасатындарға; - тандалған қызметке, ақы төленетін жүмысқа таңдалып қабылданған адамдарға; - жұмыс ауыстыру тәртібі бойынша басқа жүмыстан жүмыс берушілердің арасындағы келісіммен шақырылған адамдарға; - Еңбек Кодексінде, басқа да республикалық заңдылықтармен және үжымдық келісімдермен қарастырылған жағдайларда жүргізілмейді. Сынау мерзімі үш айдан аспау керек, ал мекеме жетекшілігіне және оның орынбасарын, бас бухгалтер мен оның орынбасарына, филиал жетекшілеріне, басқа да мекеменің бөлімше өкілдеріне, егер Республика заңдылығында басқалай белгіленбеген болса, онда алты айдан аспауы керек. 21
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==