Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
сыртқы беттерін түк пен шаңнан аптасына бір ретген кем емес рет тазартып отыру керек. Желдету құрылғыларын пайдалану кезінде СНжЕ 2.04.05-91 «Жылыту, желдету және кондиционерлеу» және 12.2.028-84 ЕҚСЖ «Жалпы пайдалануға арналған желдеткіштер» ережелерін басшылыққа алу қажет. Желдету жүйелерінің жоспарлы - ескерту жөндеу жүмыстарына күн сайынғы тексеру, мойынтіректерді дер кезінде және жоғары сапалы майлау, шкивтер мен жетек белдіктердің керілуін тексеру, желдеткііп білігінің ысқышын жою, сымдардың электр қозғалтқыштарға қосылған жерлеріндегі түйісулерді және электр қорғаудын жағдайын тексеру және тағы басқа жағдайларды жатқызуға болады. Ту many көздерінің кенеттен пайда болуының алдын алу. Бүл бағытга ең маңызды шара «Металлдарды дәнекерлеу, балқыту және кесу жағдайларына қойылатын СЭТ» (ҚР денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы №310 бұйрығымен), 12.3.003-86 ЕҚСЖ «Электрлі дәнекерлеу жүмыстары. Қауіпсіздік талаптары», 12.3.036-84 ЕҚСЖ «Металлдарды газбен және отпен еңдеу. Қауіпсіздік талаптары» өндірістік процесстерге қойылатын қауіпсіздік талаптарының стандарттарын сақтау және өнеркәсіптік кәсіпорындарда отпен жүмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы нүсқау беру болып табылады. Отпен жасалатын жұмыстарға мыналар жатады: электрлі дәнекерлеу және бензокссу; ғимараттарда, құрылыстарда және кәсіпорын аумағында дәнекерлеу; құрылыс алавдарында битумдар мен шайырларды қыздырумен байланысты жұмыстар және т.б. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда шоғырланған жылу козін (жанарғы алауын, электр доғаны) пайдалану арқылы қысымсыз дәнекерлеу тәсілі жиі қолданылады. Бүл дәнекерлеу тәсілі өрттің пайда болуы жағынан өте қауіпті болып табылады. Металлдарды газбен және отпен өңдеу кезінде әр түрлі жанғыш газдар қолданылады. Олар жанған кезде оттегідегі температура өте жоғары деңгейге көтеріледі. Төменде кейбір жанғыш заттектердің алауының температурасы келтірілген, °C. Ацетилен ................ 3150 Сутек ....................... 2100 Пропан .................... 2000 Бутан ....................... 2100 Өрт қауіпсіздігі үшін отпен жасалатын жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы, жұмысшылар үшін қауіпсізі жүмыс жағдайларын жасау және жұмысты бастағанға дейін қажетті алдын алу шараларды қабылдау өте маңызды. Кәсіпорын ішіндегі бүйрық арқылы өндірістік жағдайлар ескерілген отпен жасалатын жұмыстарды жүргізу тәртібі мен олардың 218
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==