Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- электр құрылғылардың дұрыс еместігі және олардың әрекеттегі нормалар мен ережелер бұзыла отырып қолданылуы; - желдету қүрылғыларының ақаулығы және дұрыс қолданыламуы; - технологиялық құрал - жабдықтардың ақаулығы, технологиялық тәртіптің бұзылуы; - статикалық электр разрядталған кезде пайда болатын шоқтар; - отты пайдалану кезіндегі абайсыздық; - шикізатты, жартылай фабрикаттарды, дайын онімді, жанар- жағармай материалдарын, химикаттарды және басқа да материалдарды сақтау және жинау ережелерінің бұзылуы; - жылыту жүйелерінің өрт қауіпсіздігі шаралары бүзыла отырып пайдаланылуы. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының көбісі технологиялық процестің сипатына және қолданылып жатқан шикізаттар мен материалдардың қасиеттеріне қарай В өндірістері тобына жатады, себебі өндірістерде жағу материалдары бар және қолданылады: иірілген жіп, кенеп маталар, ағаштар, химикаттар және т.б. Әсіресе, түк көп шығатын цехтар өте қауіпті. Өндірістік жағдайларда түтанудың негізгі көздеріне мыналар жатады: - қызып тұрған заттардың жылуы, балқытылған металлдар, шоқтар, жалынның және қыздырылған беттердің сәулелі энергиясы, ашық оттың түрақты және уақытша көздері. Ашық от көздері - шылым шегу, электр және газ дәнекері, ашық электр плиталар, құрылыс жүмыстарының жанында алау орнату және басқа да отпен байланысты жүмыстар; - электр қүрылғыларьшда, іске қосқыштарда және сөндіргіштерде ақау пайда болған жағдайда шоқтың шашылуы және тым қызып кетуі. Қозғалтқыштардың дұрыс таңдап алынбауы. Орнатылған сақтандырғыштардың қысқа мерзімге тұйықталуға алып келуі мүмкін нақты жүктемеге сәйкес болмауы; - сүйық және қатты денелердің, өсімдік майларының өздігінен тұтануына алып келуі мүмкін химиялық реакциялардың жылуы; - статикалық электрдің разрядталуы. Текстиль және жеңіл енеркәсіп кәсіпорындарында статикалық электр үлкен келемде пайда болады: түктеу машиналарында таза жүннен және жартылай жүннен жасалған кенеп маталарды өңдеу кезінде, жіп өткізу машиналарында - ацетат жібегін өткізу кезінде, трикотаж машиналарда, тоқу станоктарында - иілгіш капрон жіптерін өңдеу кезінде. Өндірістік цехтарда көбінесе дәнекерлеу жүмыстарын жүргізеді. Бүл жұмыстар ұқыптап жүргізілмеген жағдайда өрт пайда болуы мүмкін. 216
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==