Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

X. ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫНДАРЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГШІҢ Өрттер үлкен апаттар қатарына жатады және көбінесе халық шаруашылығына есепсіз зиян келтіреді. Өрт қауіпсіздігі органдарынын. қызметі, сонымен қатар өртке қарсы техникаға қатысы бар нормалар мен ережелер адамның денсаулығы мен өмірін оттан қорғауға, ғимараттарды, құрылыстарды, мемлекеттік және жеке мүлікті өрттен сақтап қалуға бағытталған. Өртке қарсы профилактика өрттердің алдын алуға және оқшаулауга арналған техникалық және ұйымдастыру шаралары кешенінен құралады. Өртке қарсы шараларда өртке қарсы профилактикаға көп көңіл бөлінген, себебі өртті сөндіріп, оның салдарын жойғаннан гөрі, оны болдырмау едәуір оңай. Кәсіпорындарда жүргізілетін өртке қарсы профилактика барлық жұмысшылардың өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін қатаң түрде сақтаудан, өрттердің алдын алу бойынша жүйелі түрде нүсқау беруді ұйымдастырудан және өртті сөндіру бойынша қажетті шараларды қабылдаудан қүралады. Өртген сақтануды Қазақстан Республикасьіның Төтенше жагдайлар жөніндегі министрлігі, оның жергілікті органдары, бөлімдері мен инспекциялары басқарады. Өрттен қорғау басқармаларының жанында өрт сөндіретін өрт сөндіру командалары үйымдастырылған, сондай-ақ олар қарамағындағы аумақтарда профилактикалык шаралардың орындалуына бақылау жүргізеді. Мемлекеттік өрт сөндіру органдарынан басқа, әрбір кәсіпорында күрылып жатқан ерікті өрт сөндіру жасақтары өрт қауіпсіздігі бойынша үлкен жүмыстарды атқаруда. Олардың міндеттері мынадай: орттен қорғау органдарына өрттің алдын алу шараларын жүргізуге қолдау корсету, өрт сөндіру құралдарының күйін қадағалау, сондай-ақ өрт сөндіруге қатысу. Кәсіпорындарда жүргізілетін жоғарыда аталған шаралар өнеркәсіпке үлкен зиян келтіретін өрттің пайда болу жағдайларын болдырмауға бағытталған. ЮЛ. Текстиль және жеңіл өнеркәсіи кәсіпорындарындағы өрттердің пайда болу себептері және өртке қарсы алдын ала сақтандыру Өрттердің негізгі пайда болу себептеріне мыналар жатады: 215

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==