Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
электр статикалық зарядтар ауадан езіне теріс таңбалы иондарды тартып алады да, соның нәтижесінде зарядтар бейтарапталады. Жұмысшыларды электр статикалық зарядтардан антиэлектрстатикалық халаттар, сондай - ақ адамның денесінен электрленген материалмен жүмыс істеген кезде немесе электр статикалық индукцияның арқасында алынатын электр статикалық зарядты жоюға арналған антистатикалық аяқ - киім сенімді қорғайды. Барлық статикалық электрден корғау заттары 12.4.124-83 ЕҚСЖ «Статикалық электрден қорғау заттары. Жалпы техникалық талаптар» стандарттарына сай болу керек. 9.6 Электржарақаттанудыц алдын алу үшін қолданылатын қүралдар Жоғарыда аталған электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіз жұмыс жағдайларын жасауға арналған шаралардан басқа әр түрлі құралдарды дұрыс тавдап алу мен дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Кейбір кұралдарды атап өтейік: - оқшаулауды 1000 В дейінгі кернеумен сынауға арналған уақытты автоматты түрде санайтын көлемі шағын тасымалданатын құрылғы; - жерге қосатын құрылғылардың кедергісін өлшеу, сонымен қатар топырақтың үлестік кедергісін анықтау кезінде қолданылуы мүмкін жерге қосуды өлшегіш; - электр сайманның жерге қосылуының оқшаулануын және дұрыстығын тексеруге арналған аппарат; - сымдардың кедергісін өлшеу және олардың үзілу жағдайларын анықтау үшін қолданылагын омметр. Осы құралмен жабдықтағы апаттық кернеудің бар - жоғын анықтауға болады; - кернеуі 1000 В құрайтын желілерде оқшаулануы бұзылган фидерді автоматты түрде тауып алуға арналған құрылғы; - жарғыш сақтандырғыштың жағдайын бақылауға арналған құрылғы. Сонымен қатар, статикалық электрден қорғануға арналған басқа да құрылғылар бар, мысалы: - электрленетін материалдарды өңдеу барысында электрстатикалы зарядтарды жоюға арналған статикалық электрді радиоизотоптық бейтараптағыштар. Бұл құрылғылар химиялық, текстиль және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады; - жиілігі темен иондағыш. Ол химиялық талшықтарды өңдеу кезінде пайда болатын электрстатикалық зарядтарды бейтараптау мақсатымен ауаны жергілікті иондау үшін қолданылады; - өрістің кернеуін өлшеуге және химиялық талшықтарды және басқа да электрленетін материалдарды өңдеу кезінде пайда болатын электрстатикалық зарядтардың < таңбасын анықтауға арналған электрстатикалық epic кернеуін өлшеуіш. 214
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==