Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
пайдалану ережелерінде электр құрылғыларын баптайтын қызметкерлердің білімдерін мерзім сайын тексерудің келесі мерзімдері қарастыры лған : - жылына бір рет - жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларын тікелей баптайтын немесе оларда монтаждау, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін қызметкерлер үшін, сондай-ақ бұйрықтарды рәсімдейтін және сол жұмыстарды ұйымдастыратын қызметкерлер үшін; - үш жылда бір рет - жоғарыда аталған қызметкерлер тобына жатгіайтын инженерлік - техникалық жұмыскерлер үшін. Қолданыстағы нормаларға сәйкес кәсіпорындарда жұмысшыларға арнайы қорғану заттары беріледі. Олар мыналар: оқшаулайтын жедел штангалар, сақтандырғыштармен жұмыс істеуге арналған оқшаулағыш қысқыштар, кернеудің бар - жоғын аныктауға арналған кернеу көрсеткіштер, фазалауға арналған қосымша кедергісі бар кернеуді көрсеткіштер; оқшаулайтын өлшеуіш штангалар, тоқ өлшегіш қысқыштар; оқшаулайтын сатылар, оқшаулайтын алаңшалар, габаритниктер, габаритниктерді орнатуға арналған штангалар, оқшаулайтын тарту күштері, тұтқалары оқшауланған қысқаштар және құралдар; резіңкеден жасалған диэлектрлі қолғаптар, ботылар, галоштар, кілемшелер; оқшаулайтын тіреуіштер; тасымалданатын жерге қосқыштар; уақытша қоршаулар, ескертетін плакаттар, оқшаулайтын калпақтар мен бастырмалар; қорғану көзәйнектері, брезент қолғаптар, газтұтқыштар, қорғану белдіктері, сақтандыру арқандары. Оқшаулайтын заттардың барлығы негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі деп - оқшаулануы электр құрылғысының жұмысшы кернеуін сенімді көтеретін және кернеуі бар тоқ жүргізу бөліктерімен жанасу кезінде қолданылатын қорғану заттарын атайды. Кернеуі 1000 В асатын электр қүрылғыларындағы оқшаулайтын қорғау кұралдарына мыналар жатады: жедел және ©лшеуіш штангалар, оқшаулайтын және тоқ өлшейтін кысқыштар, кернеу көрсеткіштері, оқшаулайтын құрылғылар мен жөндеу жұмыстарына арналған қүрылғылар, мысалы оқшаулайтын сатылар, оқшаулайтын алаңшалар, тоқ өткізбейтін төсеніштер және т.б. Берілген мөлшердегі кернеуі бар бола түра тоқтан зақымданудан өздігінен қорғай алмайтын қорғану заттарын қосымша деп атайды. Олар негізгі қорғану заттарына қосымша қорғану заттары болып табылады, сондай - ақ жанасу кернеуі мен қадамдық кернеуден қорғайды және электр доғасы мен жану өпімдерінің әсеріиен қорғану қүралы болып табылады. 212
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==