Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

бастап тоқ жүргізетін бөліктерге дейінгі арақашықтық 10 см кем емес, тұтас қоршаудан арақашықтық - 5 см кем емес болу керек. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарын кез - келген кәсіпорындардағыдай үлкен жер асты шаруашылық түрінде орналастырады. Жұмысшы кәсіпорындардың күшімен құрылыс мақсаттарына арнап ор қазады, ағаш пен бұтақ отырғызады және т.б. Кабельдер мен жер асты құрылыстары бар жерлерде мұндай жұмыстарды ерекше сақтықпен орындау керек, ал 0,4 м тереңдіктен бастап - тек қана күрекпен жұмыс істеу қажет. Өнеркәсіптік кэсіпорынның аумағында жүргізілген кабель желілері жоспарлы сызбаға енгізілу керек. Кернеуі 20-35 кВ жер астымен жүргізілген кабельдер басынан соңына дейін механикалык зақымдардан арнайы плиталармен жабу арқылы, ал кернеуі 20 кВ төмен болған жағдайда - бір қабат плиткалармен немесе кірпіпіпен (силикатты емес) кабельдер трассасына кесе көлденең жабылуы тиіс. Жоспарланған белгіден басталған кабельдердің жер астына орнатылу тереңдігі кернеуі 35 кВ дейінгі кабельдер үшін 0,7 м, көшелермен және алаңдармен қиылысқан жерлерде -1 м болу керек. 9.4. Электржарақаттарын алдын алу Электр қүрылғылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қолданылады: - оқшаулау, кей кезде жоғары дәрежеде оқшаулау; өндірістік жағдайлардағы оқшаулаудың кедергісі 0,5 М Ом кем болмауы тиіс; - тоқ жүргізетін бөліктерге дейін тиісті алшақтықтардың бар болуы және олардың жабылуы; - қорғану қоршаулары және қорғану заттары; - қате операциялардың алдын алу үшін аппараттар мен қоршауларды блоктау; - кездейсоқ кернеудің әсеріне үшыраған электр жабдықтар бөліктері мен тізбектің зақымдалған жерлерін сенімді және автоматты жолмен жылдам сөндіру; - кернеу эсер етуі мүмкін электр күрал - жабдықтарының корпустары мен электр құрылғылар элементтерін жерге қосу; - кернеуі 36 В жэне одан жоғары трансформаторларды бөлетін потенциалдарды теңестіру; - ескертетін дабылдарды, маркаларды, плакаттарды қолдану. Электрден жарақаттанумен күресудің жалпы шараларына сондай-ақ электр қүрылғыларын баптайтын барлық қызметкерлерге, сондай-ақ мамандығы электрші емес барлық жұмысшыларға электр қауіпсіздігінің негізгі ережелерін үйрету жәие мерзім сайын білімдерін тексеріп отыру жатады. Мьгсалы, тұтынушылардың электр қүрылғыларын техникалық 211

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==