Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

бірақ жүмыс барысында қорғану заттарын (қолғап) қолданып, электр кұралдың корпусын жерге берік қосу қажет. 36 В кернеуге арналған электр құралдың корпусында «3» немесе «Жер» белгісі қойылған сымды қосуға арналған қысқышы болу керек. Тұтынушылар электр құралдарын пайдалану кезінде сақтауы тиіс қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес электр сайманын сырттай мұқият тексеру қажет. Бүл жағдайда жерге дұрыс қосылуына және сымдардың оқшаулануына, қапталмаған тоқ жүргізетін беліктердің бар болуына және сайманның жұмыс жағдайларына сәйкестігіне көңіл белу керек. Электр құралы мен диэлектрлі қолғаптарды жұмысшыға бермес бұрын олар оның көзінше стендте немесе арнайы құралмен тексеріледі. Акау табылған жағдайда ол құралды немесе диэлекгрлі қолғапты жұмысшыға беруге болмайды. Кернеуі 1000 В дейінгі электр кұрылғылардағы жүмысгардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына мыналар жатады: - жұмыс тапсырмасын дайындау; - жұмыс істеуге рұқсат беру; - жұмыс жасау кезінде қадағалау; - жұмыстың аяқталуын рәсімдеу. Кезекші кызметкерлердің ауысымды қабылдау және тансыру тәртібі «құрал - жабдықтардың пайдалануға рұқсаттылыгы» көрсетілген журналға тиісті жазуды қабылдаушы мен тапсырупіылардың қолдарын қоя отырып енгізу арқылы рәсімделеді. Бұл журналда кезекші мен жедел қызметкерлсрдің құрал - жабдықтарды тексеру және байқау нәтижелері міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Электр құрал - жабдықтарымен байланысты жұмыстарды үйымдастыру кезінде тиісті ескерту жазбаларының рәсімделуіне кеп көңіл бөліну керек. Жұмыс орнына кернеу беру кезінде қолданылуы мүмкін барлык сөндіруші аппараттардың тұтқаларында сөндіретін кызметкерлер ескертетін плакаттарды іліп қою керек: «Қосуға болмайды - адамдар жұмыс істеп жатыр», уақытша қоршауларда - ескертетін плакаттар: «Тоқта! Өміріце қауіпті! Кернеуі бар» және т.б.деген жазбалар көрсетілуі керек. Үйлестіретін шкафтардың барлығын маркалау қажет. Атап айтқанда, қуаттандыру шкафтарын маркалаған кезде мыналардың нөмірлері көрсетіледі: шкафтың, сол шкаф қуат алатын шкафтың, шкафты қуаттандыратын тоқтың қосымша станция фидерінің анықтамалары. Тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерінде кернеуі 1000 В дейінгі үйлестіру құрылғыларын орнату кезінде өндірістік бөлмелердегі коршаулар торлы, тұтас немесе аралас және биіктігі 1,7 м болу керек делінген. Оның үстіне, торлы қоршаудан 210

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==