Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
ыңгайсыз орналасуы (мысалы, қазандықтарда, бактарда және т.б. жумыс істеуі) күрделендіріп отырған қолайсыз жағдайларда тасымалданатын және қол шамдалдарды қуаттандыру ушін 12 В аспайтын кернеуді орнату қажет. Шамдалдарды жабық арматураға орнатады. Қауіптілігі жоғары және аса қауіпті, қыздыру шамдары бар шамдалдар еденнен 2,5 м биіктікте орналасқан бөлмелерде қурылысы шамды арнайы құралдарсыз қолдануға мүмкіндік бермейтін шамдалдар қолданылуы тиіс немесе кернеуді 36 В асырмау қажет. Люминесцентті шамдармен жабдықталған шамдалдарды 127-220 В кернеуге 2,5 м биіктікте абайсызда адамның денесі тиіп қалмайтындай орнатылады. Жумысты жалғастыру үшін апаттық жағдайларда жарық түсіретін шамдалдарды тәуелсіз қуат көзіне қосу қажет. Апаттық жагдайларда жарық түсіруге арналған шамдалдарды желіге жұмысшы жарық желісінен белек, қосалқы станция тақтасынан бастап немесе кіре беріс (ғимаратқа немесе ашық кеңістіктегі жұмыс аймағына) біреу ғана болған жағдайда сол кіре берістен бастап қосады. Өндірістік жагдайларда тасымалданатын электр сайманы жиі қолданатындықтан оны пайдалану қауіпсіздігіне көп көңіл белу қажет. 1. Электр қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін бұрғыны, патронды немесе басқа да қозғалатын бөлшекті ұстауға болмайды. Қандай да бір түзету қажет болған жағдайда қозғалтқышты тоқтату қажет; 2. Қозғалтқышты жұмыс аяқталғаннан кейін де, узіліс кезінде де сөндіру керек; 3. Электр бұрғымен жумыс істеген кезде қозғалтқышты қоспас бұрын бурғыны саңылау бұрғыланатын жерге апарып қою керек; 4. Электр сайманмен жұмыс істеген кезде қуаттандыратын сымның оқшаулануын муқият тексеру қажет; 5. Электр сайманды оны пайдалануға құқығы жоқ адамдарға беруге қатаң тыйым салынады. 6. Іске қосу механизмінің дұрыстығына ерекше көңіл белу қажет; 7. Саусақты іске қосу механизмінен алған кезде электр қозғалтқыш тоқтау керек. Электр құралы келесі негізгі талаптарға сай болуы тиіс: - Электр желісіне тез қосылып, ажыратылуы, өздігінен қосылмауы және ажыратылмауы; - Жұмыс істеген кезде қауіпсіз болуы және тоқ жүргізетін бөліктерінің абайсызда адамның денесі тиіп кетпейтіндей күйге келтірілуі. Тасымалданатын электр құралының кернеуі аса қауіпгі емес бөлмелерде 220 В жоғары емес және аса қауіпті бөлмелер мен болмелерден тыс жерлерде - 36 В жоғары емес болу керек. Электр қуралдың жұмысын 36 В кернеумен қамтамасыз ету мүмкін емес болған жағдайда кернеуді 220 В дейін жоғарылатуға рұқсат етіледі, 209
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==