Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

жұмысшыға еңбек міндетімен сәйкестендірілген жұмысты беруге, еңбек шартымен қамтамасыз етуге міндетті болып табылады, және де жұмыс беруші өз уақытында және толық мөлшерде еңбек жалақысын төлеп отыруға, ал жұмыскер осы келісілген шартпен еңбек міндеттерін орындауға міндетті және мекемедегі ішкі ережелерін сақтау қажет. Еңбек келісім шартының жақтары жұмыс беруші мен жұмысшы болады. Еңбек келісім шартының құиды шарты: жұмыс орны (құрылымды бөлімшелерінің көрсетілуімен); жұмыс берілуінің мерзімі; қызметінің аты, мамандығы, өндірістің немесе нақты жұмыс түрінің күнтізбелі штаты бойынша жұмыс орнындағы квалификациясы жатады. Егер республикалық зандарымен сәйкестендірілген қызметіне, мамандығына немесе кәсібіне байланысты орындалған жұмысқа жеңілдік көрсетпесе, онда осы қызметтің, мамандықтың немесе кәсіптің аты және квалификациялар талаптар 22 қараша 2002 жылы № 273-е ҚР ХӘҚ және ЕМ бұйрығымен бекітілген «Жетекшінің қызметі, басқа да қызметкерлердің мамандығы туралы квалификациялы аньгқтамада» көрсетілген талаігтарға сәйкес келеді; - жұмыскердің міндеті мен құқы; - жұмыс берушінің міндеті мен құқы; - еңбек жағдайының сипаттамасы, ауыр, кауіпті немесе зиян жұмыс түрлеріне көрсетілетін жеңілдіктер және қосалқы төлемақылар; - еңбек және демалыс шартгары (егер нақты бір жұмыскерге мекемеде орнатылған барлығына біріңғай ережелерден тыс болған жағдайда); - еңбекақы төлеу шарттары (соның ішінде тарифті ставка өлшемі немесе жұмыскердің қызмет жалақысы, қосалқы төлемақылар, қосымша ақылар және сыйақы төлемдері); - еңбекпен байланысты әлеуметтік сақтандыру шарттары мен түрлері. Еңбек келісім шартында сынау мерзімі, заңмен қорғалған құпияны таратпау туралы (мемлекеттік, қызметтік, меншіктік және т.б.), жұмыс берушінің қаражаты есебінен оқудан кейін келісім шартында көрсетілген мерзімі бойынша жұмыс істеу міндеті, сонымен қатар жұмыскердің жағдайын нашарлатпайтын шарттар туралы мәліметтер де қарастырылуы мүмкін. Еңбек келісім шарттары екі жақты келісім жүргізілген жағдайда және жазбаша түрде ғана өзгертіледі. Жедел еңбек келісім шартына отыру жағдайында онда іске кіру мерзімі мен барлық жағдайлар көрсетілуі керек, бұндай келісім шарт Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және де басқа да зандармен сәйкестендіріліп отыруы қажет. Еңбек келісім шарттары бекітіледі: - белгісіз мерзімге; * 20

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==