Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- 12.2.007.6-93 ЕҚСЖ «Кернеуі 1000 В-тық коммутациялық электр аппараттар. Қауіпсіздік талаптары»; - 12.2.007.7-83 ЕҚСЖ «Кешенді темен вольтты құрылғылар»; - 12.2.007,13-88 ЕҚСЖ «Электр шамлар. Қауіпсіздік талаптары»; - 12.2.007.14-75 ЕҚСЖ «Кабельдер және кабельдік арматура. Қауіпсіздік талаптары»; - 12.2.020-76 ЕҚСЖ «Жарылыстан қорғалған электр құралдар. Жіктелуі. Маркалануы»; - 12.2.007.1-75 ЕҚСЖ «Айналатын электр машиналар. Қауіпсіздік талаптары»; - 12.2.007.0-75 ЕҚСЖ «Электр техникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптары». Түтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерінде электр құрылғыларын қауіпсіздік шартгары бойынша кернеуі 1000 В және одан жоғары электр құрылғыларына белу қарастырылған. Электр құрылғыларын орнату ережелеріне сәйкес барлық бөлмелер электр қауіптілігіне қарай үш топқа бөлінеді. Бөлмелердің аталған тәсілі бойынша бөлінуіне және «ЭҚП электр құрылғыларын орнату ережелерінің» талаптарына сәйкес электр құрал - жабдықтар (электр қозғалтқыштар, іске қосуды реттейтін аппараттар, бақылау - өлшеу құралдары, қорғану құрылғылары, сондай-ақ барлық электр және көмекші кұралдар) дұрыс таңдап алынып, электр құрылғыларын қауіпсіз баптау шаралары жасалады. Өндірістік бөлмелердің сыртқы ортасы адамның денесінен электр тоғы өткен кезде оның қарсыласу шамасына едәуір эсер егеді. Сондықтан әрбір өндірістік бөлменің қай топка жатқызылатынын анықтау қажет. Өндірістік жағдайларда электр жабдығының тиісті типін ғана емес, сол бөлмелерге арналған сымдар маркаларын да дұрыс таңдау керек. Сонымен қатар, сақтандыргыштар мен жарықтандыру арматурасы да бөлмелердің тобына сәйкес болуы тиіс. Ажыратқыштарды пышақтарын тігінеи койып орнату қажет, оның үстіне олар төменнен жоғары қарай қосылып, жоғарыдан төменге қарай сөндірілу керек. Панельдің алдыңғы жағында орнатылатын ажыратқыштар міндетті түрде жерге қосылатын қаптамамен жабылуы тиіс. Сақтандьгрғыштарды оқшаулайтын және отқа тезімді материалдан жасалған қақпакшалармен жабу керек. Сақтандырғыштар үшін осындай сактандыргыштарға арналған балқығыш кірістірмелер қолданылады. Қауіптілігі жоіары жэне аса жоғары бөлмелердегі қол піамдалдарды қуаттандыру үшін сэйкесінше 36 және 12 В аспайгын кернеу қолданылу керек. Электр тоғынан зақымдану қауіптілігін бөлменің тарлығы, үлкен металлды, дұрыс жерге қосылған құралдармен жанасатын жұмысшының 208
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==