Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

пайдалану коэффициент! белгілі болған жағдайда жерге қосатын құрылғының жалпы контурына қажетті жерге қосқыштардың санын анықтайды. Жерге қосу мен нолдеуден басқа, тоқтан зақымданбау үшін потенциалдарды теңестіру мен қорғану үшін ажыратуды қолданады. Потенциалдарды былай теңестіреді. Электр тізбегінен тыс қалыпты орналасқан, оқшаулануы жарылып кеткен жағдайда арасында кернеу пайда болуы мүмкін нүкгелерді бір - бірімен байланыстырса, адам олармсн бір уақытта жанасқан жағдайда қауіп туындамайды. Электр тізбегінен тыс қалыпты орналасқан, арасында кернеу пайда болуы мүмкін нүктелерді бір - бірімен байланыстыру үшін металл жолды пайдалануға болады. Алайда қауіп туындамау үшін осы металл жолға кіре берісте резіңкедсн жасалған кілемше тосеу қажет. Қорғану үшін сөндіру қажет болса, машинаның корпусы мен жердің арасына өзегі тартылатын шарғы орнатады. Корпуста кернеу пайда болған жағдайда шарғының пайда болған магнитті орісі өзекті тартып алады да, бұзылған машинаны сөндіреді. 9.3. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында электр кұрылғыларын пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік техникасының талаптары мен негізгі ережелері Текстиль және жеңіл өнеркэсіп кәсіпорындарында электр құрылғыларын қауіпсіз орнату және пайдалану ережелері мен талаптары келесі нормативтік - қүқықтық құжаттармен анықталады: - «ЭҚЕ электр құрылғыларын орнату ережелері» (ЭжМРЭ 2004 жылғы 26 тамыздағы №189 бүйрығымен); - «ЭТІІ және ПТҚ тұтынушылары электр қүрылғыларын пайдалану кезіндегі Қауіпсіздік техникасы ережелері, Техникалық пайдалану ережелері» (ЭжМРЭ 2004 жылғы 26 тамыздағы №190 бүйрығымен); 12.1.009-76 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Үгымдар мен анықтамалар»; - 12.1.019-79 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Жалпы талаптар және қорғану түрлерінің номенклатурасы»; - 12.1.030-81 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Қорғану үшін жерге қосу, нөлдеу»; - 12.1.038-82 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Жанасу кернеулері мен тоқтардың шекті мәндері»; - 12.1.002-84 ЕҚСЖ «Өнеркәсіптік жиіліктің электр өрістері. Кернеудің шекті деңгейлері және жұмыс орындарында бақылау жүргізуге қойылагын талаптар»; - 12.2.007.3-75 ЕҚСЖ «Кернеуі 1000 В жогары электртехникалык құрылғылар. Қауіпсіздік талаптары»; 207

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==