Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Кабельдердің алюминий сырттары мен қапталмаган алюминий өткізгіштерді табиғи жерге қосықштар ретінде пайдалануға болмайды. Жасанды жерге қосқыштар ретінде жерге тігінен қағылған болат қүбырларды, бұрыштық болаттарды, металл өзектерді, көлденең жүргізілген болат желілерді, дөңгелек болатты және т.б. қолдану қажет. Кернеуі 1 000 В дейінгі кұрылғыларға арналған электр құрылғыларды орнату ережелерінде жерге қосқыш құрылғылар кедергілерінің келесі шекті мәндері қарастырылған: 4 Ом барлық жагдайларда және генераторлар мен трансформаторлардың қуаты 100 кВт және одан темен болған жағдайда - 10 Ом. Улы бу мен газы жоқ құрғақ бөлмелерде жерге қосқыш өткізгіштерді тікелей қабырғалардың бойымен жүргізуге рұқсат етіледі. Ылғалды және аса ылғалды белмелерде және улы буы бар бөлмелерде жерге қосқыш өткізгіштерді қабырғалардан 10 мм кем емес арақашықтықта жүргізу қажет. Нейтралі жерге бітеу қосылған кернеуі 1000 В дейінгі электр құрылғыларда апаттық аймақтың автоматты түрде ажыратылуын қамтамасыз ету үшін жерге қосқыш өткізгіштер корпусқа немесе нөлдік сымга тұйықталған жағдайда ең жақын орналасқан сақтандырғыштың балқығыш кірістірмесінің номинал тоғынан үпі еседен кем емес мөлшерге және тоқтан кері тәуелді сипаттамасы бар автоматты сөндіргіш ағытқышының номинал тоғынан үш есе асатын қысқа мерзімге түйықталу тогы пайда болатындай тавдап алыну керек. Барлық жағдайда да жерге қосатын өткізгіштердің толық өткізгіштігі электр қүрылғыларды мына жагдайларда жерге қосу қажет: - ауыспалы және тұрақгы тоқтың кернеуі 500 және одан жоғары болган барлық жагдайларда; - номинал кернеулері ауыспалы тоқтың 36 В - нан және тұрақты тоқтың 110 В - нан жоғары болган жагдайларда - қауіптілігі өте жоғары, аса жоғары белмелерде және сыртқы құрылғыларда. Номинал кернеуі 36 В және одан темен ауыспалы тоқ үшін электр құрылғыларын жерге қосудың қажеті жоқ, ал кернеуі 110 В және одан жоғары тұрақты тоқ үшін — барлық жагдайларда талап етілмейді. Бұлардың қатарына жарылу қауіпі бар құрылғылар жатпайды. Жерге қосу мен нөлдеудің қорғаушы әсерлері әр түрлі болгандықтан, бір қүрылғыларды жерге қосуды және басқа құрылғыларды нөлдеуді бір трансформатордан қуат алатын желілерде жүзеге асыруға тыйым салынады. Жерге қосатын құрылғыларды былайша есептейді. Жеке жерге қосықыштың топырақтың үлестік кедергісіне, жерге қосқыштың өлшемдері мен нішініне, сондай - ақ оның жер астымен жүргізілу әдісінс байланысты кедергісін анықтайды. Жеке жерге қосқыштың кедергісі, қорғауға арналган жерге қосудың кедергісі (нормативтер бойынша 4 Ом), сондай - ақ жерге қосқыштың 206

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==