Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Төрт сымды желілерде қоргану үшін нелдеу жүзеге асырылады. Қорғану үшін нөлдеу кезінде машиналар корпустары мен қалыпты жағдайларда кернеудің әсеріне үшырамайтын, бірақ оқшаулануы бүзылған жағдайда ұшырауы мүмкін электр жабдықтардың басқа да металл қүрылыстары бірнеше рет жерге қосылған нөлдік сыммен байланыстырылады. Бүл жағдайда корпусқа жарып өту фазалық және нөлдік сымдардың арасында қысқа мерзімге тұйықталуга әкеліп соғады. Ал бүл, өз кезегінде, қорғаныш арқылы үлкен токтың ағып кетуін және зақымдалған құралдың желіден ажыратылуын тудырады. Басқаша айтқанда, «фазалық сым - трансформатордың нөлдік нүктесі - фазалық сым» («фаза-нөл» ілмегі) тізбегінде тоқ корпусқа немесе нөлдік сымға тұйықталған кезде қысқа түйықталу тоғы автоматтың іске қосылуына немесе сақтандырғыштың күйіп кетуіне алып келеді. Нөлдеу кезінде қүрал-жабдыктардың барлығы металлдың көмегімен трансформатордың нөлдік нүктесімен қимасы үлкен (фазалық сымдар қимасының 50% кем емес) өткізгііптер арқылы байланыстырылады. Әуе желілерде нөлдік сым қорғану үшін нөлдік сым үзілген жағдайда қолдану үшін бірнеше рет жерге қосылады. Сонымен қатар, нейтралі жерге бітеу қосылғаи кернеуі 1000 В дейінгі желілерде нөлдік сымды барлық қуат көздерінің жанына және қайталап әуе желілердің ұштарында, тармақтардың ұштарында ара қаіпықтығьш 1 км кем емес аралықтарда жерге қосады. ІІөлдік сымды қайталап жерге косу аса қажет, себебі ол үзілген жағдайда үзілген нүктеден кейін түрған құралдардың барлығының жагдайы нолдік сыммен қосылмаған құралдарга Караганда нашар болар еді, себебі тоқ кез - келген электр қозғалтқыштың корпусына түйықталған жағдайда (оқшаулануы бұзылса) фазалық ток тек аталған электр қозғалтқыштың корпусының бойымен ғана емес, нолдік сыммен ол үзілген нүктенің артында байланыстырылған баска да қүралдың бойымен өте бастайды. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында қүрал - жабдыктардың корпустары, сондай-ақ шамдалдар арматуралараы, іске қосатын аппараттары (магниттік қосқыштар және іске қосу басқьпптары), үйлестіру шкафтары, жарықтандыру тақталары міндетті түрде жерге қосылуы тиіс. Технологиялық құрал - жабдықтардын корпустарын жерге қосатын контурмен байланыстырады. Сонымен бірге, машиналарды корпустары ішінде электр қозгалтқыштарды қуаттандыруға арналған сымдар тартылатын металл құбырлармен байланыстыру арқылы жерге қосуларды қайталайды. Өз кезегінде, бұл құбырлар жерге қосатын контурмен де электрлі жолмен қосылады. Табиғи жерге қосқыштар ретінде айналдыра орнатылған құбырлар, ғимараттар мен құрылыстардың жермен жанасқан металл қүрылыстары, гидротехникалық құрылыстардың металл шпунттары, жердің астымен жүргізілген кабельдсрдің қорғасыннан жасалған сырттары қолданылады. 205

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==