Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Осылайша, нейтралі жерге қосылған құрылгыларда бір фазалы жанасқаи жағдайда желінің оқшаулану дәрежссіне қарамастан адам трансформатордың орамдарының бірінің фазалық кернсуіне ұшырайды. Өтпелі кедергі жоғары болса, бұл жағдай қауіпсіз, ал темен болса - адам үшін өте қауіпті (жұмысшы ылғал еденде түрса немесе жерге қосылған құрал-жабдықпен жанасса). 2- ші жагдай — фазалардың бірінде тоқ жерге тұйықталған жағдайдағы адамның электр желісіне бір фазалы қосылуы. Фазалардың бірівде тоқ жерге тұйықталған жағдайда адам нейтралі жерге қосылған электр желісіне бір фазалы қосылған кезде адам фазалықтан аздап жоғары, бірақ сызықтықтан шамалы темен кернеудің әсеріне ұшырайды. Мұндай жағдайдың қауіптілігі өте жоғары, демек өтпелі кедергінің шамасы бірінші дәрежелі мәнге ие. Осыған ұқсас жағдайларда адамның нейтралі оқшауланған электр желісіне бір фазалы қосылуы нейтралі жерге косылган желіге қарағанда аса қауіпті емес. Әрине, жоғарыда аталғандардың барлығының электр қүрылғысы қалыпгы жұмыс істеген жағдайда ғана күші бар. Егер фазаның бірі жерге тұйықталса (апат болған жағдайда), онда нейтралі оқшауланған желі адам үшін өте қауіпті болып табылады. 3- ші жагдай - адамның электр желісіне екі фазалы қосылуы. Бұл жағдай адамның нейтралі оқшауланған желіге қосылу жағдайына ұқсас және адам өміріне ең қауіпті болып табылады. Аталған жағдайлардан басқа қадамдық кернеудің әсеріне үшыраған адамның электр тоғынан зақымдану қауіпі де бар. Электр күрылғысы жерге тұйықталған жағдайда түйықталу нүктесінің айналасындағы тоқ топыраққа жайылады, және адам сол топырақты баскан кезде екі айқасу нүктелерінің арасында (қадамы 0,8 м тең) қауіпсіз кернеуден едәуір асатын шамадағы потенциалдар айырмасы (қадамдық кернеу) пайда болуы мүмкін. Кернеу деп - адам бір уақытта жанасатын тізбектің екі нүктесінің потенциалдарының айырмасын айтады. Басқаша айтқанда, жанасу кернеуі бұл адамның денесі арқылы электр тоғы өткен кезде ондағы кернеудің төмендеуі болып табылады. Қадамдық кернеу деп - тоқ жайылған жердегі адамның аяғы тиіп тұрған екі нүкте потенциалдарының айырмасын айтады. Нүктелер арасындағы ара қашықтық 0,8 м-лік қадамға тен деп алынады. Қорғану үшін жерге қосылудың эсер ету принципі құрылғының оқшаулануы бүзылған жағдайда корпусқа оқшаулағыш өз қасиетінен айырылған кезде жанасу мен қадамның қауіпсіз кернеуіне дейін төмендету болып табылады. 203
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==