Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Сымдар жоғары деңгейде оқшауланған жағдайда бүл жанасу қауіпсіз болып табылады. Алайда сыйымдылығы көлемді құрылғыларда оқшаулау дәрежесі жоғары болған жағдайда да адамның желіге бір фазалы қосылуы қауіп төндіреді. Адамның желіге бір фазалы қосылуы адам бір фазамен қоса жерге қосылған жабдықпен жанасқан кезде де қауіпті болады. Бұл жағдай қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. 2- ші жагдай — екі фазаның бірінде тоқ жерге түйықталған жағдайдағы адамның бір фазалы қосылуы. Жерге тұйықгалу деп - кернеуі бар электр құрылғы бөліктерінің құрылыс бөліктерімен немесе гікелей жермен кездейсоқ электрлі қосылуын айтады. Бұл жағдайда пайда болатын қауіп өтпелі кедергінің шамасына байланысты. Егер резіңке аяқ - киім киген жұмысшы кедергісі 150 000 Ом құрайтын құргақ ағаш едеиде тұрса, адамның денесі арқылы өтетін тоқтың күші мардымсыз болады, яғни өтпелі кедергінің шамалары жогары болған жағдайда қосылу қауіпсіз болып табылады. Егер жұмысшы бөлме ішінде жерде немесе ылғал еденде аяқ - киімсіз тұрса немесе жерге қосылған құрал - жабдықпен жанасса, адамды өлімге апарып соғуы мүмкін сызықтық кернеудің әсеріне душар болады. Сөйтіп, нейтралі оқшауланған жүйелерде адам желіге бір фазалы қосылған жағдайда оның қауіпсіздігі үшін желінің оқшаулану жағдайы маңызды. Желі жоғары оқшауланған және сыйымдылыгы мардымсыз болған жағдайда жоғарыда аталған жағдайлар нейтралі жерге бітеу қосылған жағдайларға қарағанда қауіпсіз болып табылады. 3- ші жагдай - адамның электр желісіне екі полюстан қосылуы. Бұл жағдай адамның бір уақытта екі әр түрлі фазамен жанасуымен байланысты. Бұл арада аяқ - киім мен еден кедергілерінің маңызы жоқ. Адам толық сызықтық кернеудің әсеріне ұшырайды. Адамның денесі арқылы өтетін тоқтың күші тек қана құрылғының кернеуі мен адамның кедергісіне байланысты. Бүл жағдайда адамның кедергісі 1 000 Ом-га тең деп алынады. Мұндай жағдайлар қазаға ұшыратады. Адамның желіге осылай қосылуының қауіптілігін әр түрлі фазаларга екі қолды тигізген кезде тоқтың адамның өмірлік маңызы бар органдары арқылы өтетінін жоғарылатады. Б. Трансформаты жерге бітеу цосылган электрмен жабдыкупау жуйесі. Тағы да үш жағдайды қарастырайық. 1- ші жагдай - екі фазаның бірінде тоқ жерге түйықталмаған жағдайдағы адамның желіге бір фазалы қосылуы. Тоқ ағып кеткен және кейбір фазалар жерге тұйықталған жағдайда адамдардың зақымдану қауіпін азайту үшін электр тізбегінің нөлдік нүктесін жерге қосады. Бұл жағдайда адам фазаның біріне қосылған кезде ол толық фазалық кернеудіц әсеріне үшырайды. Ал бұл өте қауіпті болып табылады. < 202
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==