Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

адам ағзасына әсерін, электрден жарақаттану себептерін зертгеу, тиісті қорғану затгарын таңдап алу өндірісте қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын жасау үшін өте маңызды. 9.1 Элекгржарақаттаиу себептері Трансформатор нейтралі жұмысының екі режимі бар: 1) оқшауланған нейтральмен жұмыс істеу режимі; 2) жерге бітеу қосылған нейтральмен жүмыс істеу режимі. Әр желі үшін сәйкесінше трансформатор нейтралының жұмыс режимі қарасгырылады. Нейтральдің режиміне және нөлдік сымының бар болуына қарай үш фазалық желілердің келесі сызбалары қолданылады: - нейтралі оқшауланған үш сымды желі; - нейтралі жерге қосылған үш сымды желі; - нейтралі бітеу қосылған торт сымды желі. Ауыспалы тогының кернеуі 1000 В дейін электр қүрылғылар жерге бітеу қосылғанда да, нейтралі оқшауланғанда да болуы мүмкін. Тұрақты тоғынын кернеуі 1000 В дейін электр қүрылгылардың орташа нүктесі жерге бітеу қосылған немесе оқшауланған бола алады. Тоқ айқаспалы терт сымды желілер мен тоғы түрақты үш сымды желілердің нейтралі міндетті түрде жерге бітеу қосылу керек. Номинал кернеуі 500 және 660 В құрайтын тоқ үш фазалы электр күрылғыларда нейтраль оқшаулануы тиіс. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында қуат және жарық желілерін қуаттандыру үшін жиілігі 50 Гц қүрайтын үш фазалық ауыспалы тоқ кеңінен қолданылады. Бүл жағдайда көбінесе трансформаторлары жерге бітеу қосылатын 380/220 және 220/127 В-тық терт сымды желілер қолданылады, себебі олар екі жұмысшы кернеуді пайдалануға мүмкіндік береді: сызықтық және фазалық (технологиялық қүрал-жабдықтың электр қозғалтқыштарын қуаттандыру үшін және 220 В жарықпен камтамасыз ету үшін). Нейтраль оқшауланған жағдайда кез-келген фазаның жермен қосылуы кысқа мерзімге түйықталуын тудырмайды және зақымдалған фазаның істен шығуына алып келмейді, ал желінің екі зақымдалмаған фазаларының жерге қатысты кернеуі сызықтық деңгейге дейін жоғарылайды да, бұл жұмыскерлер үшін жоғары қауіптілікті тудырады. Сондықтан осы сияқты желілерде оқшаулау барынша қадағаланып, жерге түйықталу орын алған жерлерді кернеуден автомагты түрде жылдам ажыратылу керек. Нейтралі оқшауланған электр қүрылғылар электр қауіпсіздігіне жоғары талап қойылған жағдайда қолданылады. Нейтраль жерге бітеу қосылған жағдайда кез - келген фазаның жерге тұйықталуы қысқа мерзімге тұйықталуға алып келеді, және тиісті фазаның сақтандырғышы күйіп кетеді. Жұмысын жалғастырып тұрған фазаларда жерге катысты кернеу фазалық кернеуден аспайды. 200

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==