Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Мысалы, басты көлденең жазықтықта 45° -ға және тік жазықтықта 30°- га бұру шектері жұмыскердің шектен тыс күш жұмылдыруына апармайды. Бүны жұмыс орнын орналастыру және үйлестіру кезінде ескеру қажет. Өндірістің технологиялық процесінің ерекшеліктері өндірістік цехтар мен учаскелерді эстетикалық дайындау кезінде ескерілуі тиіс. Орнатылып жатқан құрал - жабдықтың үлгісінің, өңделіп жатқан шикізат түрі мен түсінің, жабдықтардың шуылдық сипаттамаларының және т.б. маңызы зор. Техникалық эстетика мәселелерінің шешілуі цехтардың құрал - жабдықтары мен бөлмелерінің түсін тандаумен емес, еңбек ету жағдайларьша, ең үтымды жұмыс орындарын таңдап алуға, оңтайлы жарықтандыруға және қажетті температуралық - ылғалдық жағдайлардың жасалуына қатысты барлық шаралардың кешенді орындалуымен аяқталады. Мысалы, шүлық өндірісінде техникалық эстетика мәселелерін шешу кезінде тоқушылар үшін үтымды жүмыс орындарын таңдап алу сияқты шараларды орындау маңызды. Жайлы кең үстелдер тоқушылардың бүйымдарды жаюын, сызғышпен өлшеуін және ондықтарға жиынтықтауын жеңілдетіп, жіптерді қоюға арналған ыңғайлы сөрелер артық рет еңкеймейтіндей орналасу керек. IX. ТЕКСТИЛЬ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЬШДАҒЫ ЭЛЕКТР ҚАУІПСВДІГППҢ ЕРЕКІИЕЛІКТЕРІ Электр қауіпсіздігі дегеніміз - ол, электромагниттік ерістің, статикалық электрленудің, электрлік доға мен электр тоғының зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін үйымдастырылған және техникалық жұмыстар мен шаралардың жүйесі. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында электр қауіпсіздігіне аса көп назар аударудың қажеттілігін мына жағдайлар тудырады: - технологиялық қүрал-жабдықтардың барлығының жеке жетектері бар; электр қозғалтқыш, іске қосу аппараттары және басқа да қүрал-жабдықтар машинамен бірге келіп түседі; ‘ цехішілік және фабрикаішілік көліктерді механизациялау кеңінен енгізіледі (жүмыс орындарына иірілген жіпті жеткізетін электр пойыздар, шикізат пен дайын өнімді тасымалдауға және жинауға арналған қабатгап жинағьпягар және т.б.); - тікелей электр күрал - жабдықтарын күтумен байланысты мамандықтары әр түрлі жүмысшылар санының көбеюі. Осының барлығы жұмысшыларды электр тоғьінан зақымдану мүмкіндігінен толык қорғау үшін электр қауіпсіздігі бойынша ең ұқыпты іс- шараларды қабылдау қажеттігін растап отыр. Сондыктан электр тоғының 199

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==