Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Өндірістік бөлмелерді мынадай түстерге бояған жөн: қабырғаларды - сары, ақшыл жасыл түсті, сұр, ашық көгілдір түстерге; панельдер мен еденді - күңгірт сүр, қоңыр қызыл, қоңыр түстерге. Құрал - жабдықтарды қандай да бір түстерге бояған кезде бекітілген стандарттарды басшылыққа алу қажет. Еңбек қауіпсіздігі түрғысынан кәсіпорындарда апаттар мен қайғылы жағдайлардың алдын алуға ариалған белгі беретін түстердің қолданылуының маңызы жоғары. Белгілі - бір түстің адамға тигізетін әсерінің сипатын ескере отырып, ең оңтайлы түстерді таңдап алады. Мысалы, мына түстер қолданылуы мүмкін: қызыл түс - тыйым салады; сары түс — ескертеді; жасыл түс - бұйырады; көк түс - нұсқайды. Жұмыс және арнайы киімнің түсінің де лайықты болуы маңызды. Ол үіпін ашық және түрлі - түсті реңдегі маталардың (әдеттегі кара және қара көк түстердің орнына) қолданылуының эстетикалық тұрғыдан да, еңбек қауіпсіздігі тұрғысынан да мәні зор. Мысалы, қауіпті аймақта жұмыс істейтін жұмысшыға жергілікті аймақтың немесе қоршаған ортаның өңіне күрт қарама - қарсы түстегі киім киген жөн. 2.09.02-85 санитарлық нормалар мен ережелерге сай «Өндірістік ғимараттар» енеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік ғимараттарының интерьерін бояуды жобалау бойынша нұсқаулар берілген. Аталған нормаларда өндірістік бөлмелердің беттерінің түсін таңдап алу кезінде мыналар ескерілу керек делінген: - климатгың ерекшеліктері; - бөлмелердің технологиялық мақсаты; - көзбен шолу арқылы жұмыс істеу жағдайлары; - жарықтандыру сипаты; - еңбекті қорғау талаптары. Өндірістік құрал - жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаитарының 12.2,123-90 ЕҚСЖ «Текстиль машиналары. Жалпы қауіпсіздік талаптары» және 12.2.138 - 97 ЕҚСЖ «Өнеркәсіптік тігін машиналары. Қауіпсіздік техникасы мен сынау гәсілдері» стандарттарында әр - түрлі технологиялық құрал - жабдықтарды түспен өңдеуге арналған нүсқаулар берілген. Мысалы, текстиль және женіл өнеркәсіп машиналары үшін ашық сүр және ашық жасыл түстерді қолдану үсынылған. Өндірістік жағдайда жүмысшының айналасындағы құрал - жабдықтар мен басқа да заттардың пішіндерінің де маңызы бар. Себебі жұмысшының қозғалуы солардың пішіндері мен орналасуына байланысты. Техникалық эстетиканың негізі эргономика - адамның еңбек ету барысындағы функционалдық мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым болып табылады. Ол оңтайлы құрал - жабдықты жасауға ғана мүмкіндік бермей, машиналар мен механизмдерді қолайлы басқару мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 198

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==