Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

күнкағары бар. Цех ішіндегі жабдықтың көбі басқару пультінен үлкен болса да, пульт мұнда ең басты нәрсе екенін айғактап тұр. Цех ансамбліндегі басқару пультінің мәнділігі, байқалуы көптеген факторлармен дәлелденген. Мұндағы басты фактор пульттің технологиялық процесстегі басты рөлде болуы және оның ерекше түсі мен орыны - пультті көру орталығында аса үлкен емес алаңға қойылған. Бірақ оның тағы бір маңызды сапасы кұрастырылуында, оған байланысты ол өндірісте жетекші орынға ие болып тұр. Бүл - оның елеулі масштабы және бөлшектерінің ірілігі. Бет астына жасалған үлкен шәкілдері мен циферблагтары, түтас, біркелкі боялған қаптамасы, пульттің ұзын бойына күнқағарыньгң астына орналасқан жергілікті көзге жайлы люминесцентті шамдары, осының бэрі пульт ауқымын ерекшелендіріп түрады. Өндірістегі түс. Өндірісті эстетикалауда «түс климаты» деп аталатын түстің мәні үлкен. «Түстік климат» - бөлмедегі түстің косындысына қойылатын қолайлы өндірістік жағдай жасауда барынша аз шаршататын тиімді еңбектің қалыптасуына себеп болатын техникалық эстетика мәселелерін шешудің маңызы аз емес. Цехтар мен құрал - жабдықтарды эстетикалау - еңбекті ғылыми ұйымдастырудың өндірісте еңбек жоғары өнімді, қанағаттанушылық сезіміне бөлейтін жэне сонымен қатар аз шаршататын жағдайларды жасауға мүмкіндік беретін бағыттарыныц бірі болып табылады. Басқаша айтқанда, техникалық эстетика «ндірісте жұмыс істейтіндер үшін психофизиологиялық жайлылықты құруды көздейді. Өндірістік жағдайдың түрлеріне, пропорцияларына, көлемдеріне, желілеріне, түстеріне және сол сияқты баска да сипаттамаларына байланысты эстетикалық өндіріс деңгейі әр түрлі факторлардың жүмыскерлерге эмоциялық әсерін анықтайды. Заттардың әр түрлі пішіндері, олардың түстері мен орналасуы жұмыскерге әр түрлі эсер тигізеді: кейбір жағдайларда жұмысты жеңілдетіп, оның өнімділігін жоғарылатса, екінші жағдайларда олар жұмысты күрделендіреді және тиімділігін төмендегеді. Машиналар мен өндірістік бөлмелердің түсі туралы мәселені қарастырайық. Құрал - жабдықтар мен бөлмелерді ашық сары, ашық жасыл немесе апіық көгілдір реңге 10 жэне одан жоғары пайызға бояған жағдайда бөлмйлердің жарықтығы жоғарылайды. Бөлмелердің төбелерінің, қабырғаларының, панельдерінің, едендерінің түстерінін маңызы зор. Қызыл, қызғылт сары, сары сияқты жүмсақ түстер жүмыскерлердін көціл - күйін еліктіріп, сергітеді, ал көк, жасыл, күлгін сияқты суық түстер — тьтыштық сезіміне бөлейді. Қызыл түс ұзақ уақыт бойы эсер еткен жағдайда оның жүректің соғуы мен қан қысымын жогарылататыны дәлелденген. 197

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==