Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Техникалык эстетика — қозғалыстың ғылыми - әдістемелік негізін жасайтын және мәндік ортанын калыптасуының әлеуметтік, эстетикалық, функциональдық, эргономикалық, техникалық аспектілері болып табылады. Техникалық эстетиканың элеуметтік - мәдени рөлі адмдардың еңбек, демалыс және тұрмысының қолайлы жагдайларын жасау болып табылады. Өндірістік эстетика техникалык эстетиканың бөлігі бола отырып, өндіріс мәдениетін көтеру, еңбектің қолайлы жағдайларын жасау мақсатында өндірістік кәсіпорындардың заттық ортасын эстетикалык жетілдіруін қалыптастырудың негізгі ережелерін, принциптерін, әдістерін әзірлейді. Техникалык эстетика еңбек процестеріне көркем бастау енгізеді, бұл еңбек рухын көтереді, өндіріс жағдайында адамға оң сезімдік эсер етудің тәсілдерін әзірлейді. Техникалық эстетика еңбек процесінде ағза қызметіне зиянды әсерлерді азайтады және жүйке шаршауын төмендетеді, себебі ол техникалык, экономикалық, эргономикалық, сәулетке, көркем енерге сүйене отырып, адамды ыңғайлы, жетілген жэне эсем техникамен қоршайды. Техникада барлык жағдайда колданылатын әсемдік формалар жоқ, әр жұмыс орнының, әр машинаның мазмұнға сәйкес түрі бар. Құрамдалатын кез келген нысан әсемдік танытуы қажет. Бұл тек механикалық тетіктер емес, бүл «адам-машина» жүйесінің өзара қатынастары. Бірақ эстетика мазмұнындағы басты нэрсе - еңбек. Еңбекті эстеттеудің үш түрі бар: - еңбек процесін эстеттеу; - жұмыс ортасын эстеттеу; - еңбек өнімін эстеттеу. Жұмыс процесін эстеттеу өндіріс мәдениетін және еңбек мәселелерін қамтиды. Өндіріс мәдениетінің талаптары өндірістің өз процесімен, бұйымдардың сыртқы безендірілуін қоса отырып, өндірістің көп түрлі технологиясымен аяқтай отырып, техникалық құжаттаманың жобалануы және қойылуынан бастап өз процесімен канағаттандырылуы қажет. Жұмыс күшін эстеттеу кең міндеттер кешенін қамтиды, енбек енімділігінің өсімінің елеулі резервтерінен (интерьердің түстік үйлесімділігі бояуынан, түтастық, ауқымдык шешімі үйлесімінен, түтастай цехтағы және жүмыс орнындағы өлшемдестіктен, үйлесімділіктен және т.б) тұрады. Еңбек өнімін эстегтсу көркем безендендіруге негізделеді. Еңбек өнімі тек соңғы түрде және тұтастай әсем болумен бірге, оның әрбір материалының машинаға, бөлшекке, загқа, күралға айналуы да әдемі болуы қажет. Еңбек өнімін эстетикалық маңызды әдістерінің бірі оның көркем дизайны болып табылады. 195

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==