Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

с — сызықгағы шамдалдар арасындағы алшақтықты ескеретіц коэффициент. Іс жүзінде жарықталғандық люксметр деп аталатын құралмен анықталады. Құралдың фотоэлементі сәуле энергиясын күшін нұсқарлы гальванометр тіркейтін электр тогіна айналдырады. Көрсеткіштер межелігі люкспен градусталған. Кәсіпорындарда жарықталғандықты тексеру кезінде әр түрлі люксметрлер қолданылады. 8.5. Технологиялық қүрал-жабдықтарды орналастыру Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық құрал - жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға және баптауға ыңғайлы және қауіпсіз болатындай орналастыру керек. Құрал - жабдықтарды орналастыру кезінде өтпелердің көлемдерін текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының цехтарындағы құрал- жабдықтарды орналастыру нормаларындағы ережелерге сәйкестендіру керек. Негізгі технологиялық қүрал - жабдықгар орналастырылған цехтардағы негізгі өтпенің ені 2,5 м кем емес, бояу-өңдеу цехтарында - 3- 3,5 м кем емес болу керек. Төменде текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына арналған қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелеріне сәйкес қабылданған құрал-жабдықтар мен ғимарат элементтерінің арасындағы өтпелердің метрмен көрсетілген кейбір нормалары берілген. Орталық өтпе ...................................................... 2,5 кем емес Жұмыс аймағындағы машиналардың арасындағы арақашықтық: екі жақты қызмет корсету жағдайында .... 0,8 — 1,0 бір ж ақгы қызмет корсету жағдайында ........... 1,0 — 1,2 Сырт жақтарының арасындағы арақашықтық ...... 0,2 — 0,4 Машиналар бүйіржақтарынан қабырғаға дейінгі арақашықтық ............................................................ 1,0 — 1,2 Жұмыс аймағындағы машинадан қызмет корсету аясының бойындағы қабырғаға дейінгі арақашықтық. .. 1,0 — 1,2 Машинаның сырт жағынан қабырғаға дейінгі арақашықтық .................................................................. 1,0 — 1,2 8.6 Техникалық эстетика Әр қызметкерге қоршаға ортасының эсер етуі бэрімізге мәлім. Техникалық құрал - жабдықтарының дұрыс немесе ыңғайлы орналастыруы, санитарлық - гигиенасы, қызметкерге жұмыс істеу мүмкіндігі, жарықтығы, бояулары т.б. (интерьера). 194

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==