Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Мысалы, ақ және күңгірт түсті әйнектен жасалған эмальданған шамдалдардың пайдалы әрекет коэффициент! 0,4-0,7, айналы шамдалдардың пайдалы әрекет коэффициент! - 0,75-0,85 тең. Шамдал типін таңдап алу кезінде мыналар ескеріледі: ортаның сипаттамасы, жарықтандыру жүйесі, бөлменің биіктігі және жұмыс орнының орналасуы. Шамдалдар жарықтың қажетті сапасын қамтамасыз етіп, қолдануға ыцғайлы болу керек. Кәсіпорындарда әр түрлі шамдалдар мен шамлар қолданылады. Мысалы, орау және пішу цехтарында күн жарығын түсіретін шамдар (КШ), тоқу, тігу, өңдеу және иіру цехтарында - түрлі-түсті өнім өңделген жағдайда суық ақ жарықты (САЖ) шамдар және кендір жіпті өңдеген жағдайда ақ түсті шамлар (АШ); ақаулы өнімдерді іріктеу және сорттау бөлмелерінде - КШ немесе ЛДЦ шамдары қолданылады. Тігін цехтарында және ақаулы өнімдер іріктелетін, ссортталатын және жамалатын цехтарда құрама жарық түсіру жүйесі қолданылады. Сорттаушы, жамаушы және тігінші жұмысшы әйелдердің жұмыс орындарында жалпы жарық түсірумен қатар жергілікті жарық түсіру қарастырылған. Ол үшін спектрлік құрамы бойынша табиғи жарыққа үқсас люминесцентгі шамдалдар орнатылады. Кептіру - пішіндеу цехтарында жарық түсіру үшін люминесценттік шамдар қолданылады. Бұл жағдайда шамдалдардың әрқайсысы 80 Вт қүрайтын екі шамы болады. Түк шығару цехтарында шаң кірмейтін шамдалдар арқылы жалпы жарық түсіріледі. Өндірістік және көмекші бөлмелерді қыздыру шамдарымен жарықтандыру үшін өнеркәсіптік тығыздалган шамдалдар, жартылай бекітілетін кәріз шамдалдары, плафондар және т.б. қолданылады. Жалпы жарық түсірумен қатар, ондірістік бөлмелерде, желдету камераларында және қазандықтарда жөндеу жарықтандыруы қарастырылған. Ол үшін жүмысшы жарық беру желісінен бір фазалық төмендететін трансформаторлар арқылы 220/36 және 220/12 В кернеуге қуат алатын тасымалды шамлар қолданылады (қазандықтарда). Жалпы жарық түсірегін люминесцентті шамдалдар үздіксіз жарық сызықтары тұрінде орналастырылады. Қауіпсіз қолдану үшін электр жарық түсіру құрылғысы Қазақсган Республикасының Еңбек және электр министрінің 2004 жылғы 26 тамыздағы №189 бүйрығымен бекітілген «ЭҚЕ электр құрылгыларын орнату ережелеріне» сай болу керек. Аталған ережелерде жарық түсіру желісіндегі кернеудің шамасы, сондай - ақ жүмысшылар үшін қауіпсіз жұмыс істеу жағдайларын құру бойынша қажетті шаралар қарастырылған. Атап айтқанда, адамныц қалыпты жүмыс істеген жағдайда кернеуі болмайтын, бірақ электр құрылғыларда ақау пайда болған жағдайда кернеуі бар болуы мүмкін ток 192
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==