Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
жібі жұмысшылардың көру аясына түспейтіндей, яғни қорғау бүрыіпы көзді қыздыру жібінің тікелей сәулелерінің әсерінен қорғайтындай түсірілу керек. Шамның қорғау бұрышын шамның жібі арқылы өтетін көлденең сызық және сәулелендіргіштің іпетінен шам жібінің қарама-қарсы шеті арқылы сәулелендіргіштің шетінен басталатын сызық құрайды. Өндірістік бөлмелерге арналған жергілікті жарық түсіретін шамдалдардың (шамлары қандай болса да) сәулелендіргіштері жарық өткізбейтін материалдан жасалуы тиіс және олардың қорғау бүрышы 30° кем болмау керек. Люминесцентті шамдалдардың көлденең және тік жазықтықта анықталатын екі қорғау бұрышы болады. Шамдардың қуаттылығы мен қорғау бүрышының мәнін ескере отырып, шамдалдарды жүмысшы қабаттан шам жіптерінің тікелей сәулелері көзге түспейтіндей биіктікте болуын нормалайды. Сонымен қатар қүрама жарықты орнату кезіндегі жергілікті және жалпы түсетін жарықтардың арасындағы арақатынастың да маңызы зор. Нормаларға сәйкес, жалпы жарықтандыру шамдалдарынан жұмыс орнына түсетін жарық құрама жарықтандыру нормасының 10% кем емес мөлшерін қүрау керек. Люминесцентті жарық түсіру кезінде жарық ағымының қүбылуына жол бермеу үшін шамларды желінің әр түрлі фазаларына қосу немесе балластты қалпына келтіру кедергіштерімен жабдықталған арнайы қосу сүлбалары қолдану қажет. Жарық түсіретін қүрылғы қүрал-жабдықтардан немесе басқа да заттардан көлеңке түспейтіндей жарықтың қажетті бағытын қамтамасыз ету керек. Жарық түсіретін құрылғылары үнемді және сенімді болуы тиіс. Ол үшін шамдалдардың, жарық түсіру жүйесінің және жарық көзінің типі мен орнатылатын орны ұтымды таңдаи алыну керек. Атап айтқанда, люминесцентті жарықты мына жерлерде қолдану қажет: - көруге ерекше қолайлы жағдай жасалуы тиіс бөлмелерде; - табиғи жарық түспейтін немесе ол әрекеттегі нормаларға сай келмейтін және адамдар үзілмейтін бөлмелерде; - түс реңктерінің айырмашылығы бар белмелерде. Қолданылатын электр шамдалдары мынадай типтерге бөлінеді: ашық, қорғалган, ылғалдан қорғалған, жабық, жарылыстан қорғалғаи және арнайы. Барлық шамдалдар мынадай көрсеткіштермен сипатталады: пайдалы әрекет коэффициентімен; жарық күшін үйлестіру қисығымен; қорғау бұрышының мәнімен. Шамдалдың ең маңызды сипагтамасы — т/пайдалы әрекет коэффициент! — Ғ св шамдалы шығаратын жарық ағымының сол шамдалда орнатылған F, шамның жарық ағымына қатынасы ретінде анықталады. 19]
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==