Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Жарық 1 ср.-ғы дене бұрышының ішіндегі 1 лм-лік жарық ағымына ие нүктелік жарық көзінің күші ретінде анықталады. В жарықтыгы көзге бағытталган жарық түсіл гүрған немесе жарқырап жатқан беттен шығатын жарық ағымының мәнімен анықталады. Жарықтық тең беттен шаммен өлшенеді. Жарықтықтың бір бірлігі ретінде эр шаршы метрге (кд/м 2 ) 1 кандела - перпендикулярлы бағытта күші 1 м 2 -ден 1 жар. тең жарық шығаратын жарқыраған жалпақ беттен шапіылатын жарықтық қабылданған. 5 жарцырагыштыгы ауданы 1 м 2 жарық көзінен шашылатын жарық ағымымен анықталады. Жарқырағыштық бірлігі ретінде әрбір шаршы метрден 1 лм-ге тең жарық ағымын іпығаратын алаңның жарқырағыштығы қабылданған. Жоғарыда аталған торт шама жарық шығару көзін сипаттайды. Е жарықталгандыгы жарық ағымының үстіңгі қабаттық тығыздығы болып табылады. Жарықталғандық бірлігі ретінде люкс (лк) деп аталатын жарық ағымының тығыздығы қолданылады. 1 люкс (лм/м 2 ) 1 лм қүрайтын жарық ағымы түскен жағдайдағы ауданы 1 м 2 -лік аймақтың жарықталғандығына тең. Жарықталғандық табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиги жарықталгандьщ бүйірлі (сыртқы қабырғалардағы терезелер аркылы түсетін жарық), үстіңгі (жарық шамдары арқылы түсетін жарық), сонымен қатар құрама болуы мүмкін. Белмедегі белгілі - бір жерге түсетін табиғи жарық е„, табиғи жарықталғандық коэффициентімен сипатталады. Бүйірінен жарық түсетін текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін жұмыс аймағындағы е ми „ табиғи жарықталғандық коэффициентінің ең темен мәні 0,5%, тең, ал е ср 2-ге тең болу керек. Табиғи жарықталғандық нормалары «Өндірістік нысандарды жобалау кезінде қойылатын СЭТ» санитариялық -эпидемиологиялық нормалары (ҚР денсаулық сақгау министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі №334 бүйрығымен) мен «Өндірістік ғимараттар» СНжЕ 2.09.02-85 қарастырылыған. Табиғи жарықталғандық нормаларын белгілеу кезінде жарық түсетін ойықтар әйнектері мен жарық түсетін арматураның мерзімді тазартылуы ескеріледі. Олар кәсіпорын әкімдігі қүрастыратын график бойынша, бірақ гөмендегі мерзімдердел сирек емес тазартылу керек: - шаң, түтін, күйе аз шығатын орау, тоқу, пішу, тігу цехтарында, зертханаларда, кеңселерде және т.б. жарық ойықтарының әйнектері (терезелер, шамдар және т.б.) — жылына екі реттен кем емес рет; шамдалдар мен жарық түсіргіш арматуралар - айьша торт регтен кем емес рет; - бояу цехтарында және шаң, түтін, күйе қарқынды шығатын цехтарда жарық түсетін ойықтардың әйнектері (терезелер, шамдар және 189

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==