Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау
уәкілетті органдар жүзеге асырып, еңбекті қорғау саласындағы саясатгы мерзімді қайта қарайды. Ең алдымен, негізінде бүл мемлекеттік және атқарушы үкіметтің органдарының қызмет бағыты, сонымен бірге жұмыс берушілер, уәкілетті оргавдарының қызметкері мен басқа да кәсіби одақтардың ынтымақтастығын анықтайды. Бұл органдардың бірлестігінің әсері және қоғамдық ұйымдардың басты пікірімен (лейтмотив) өндірістік қызметтің нәтежиелеріне қарағанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығын мойындауға және қамтамасыз етуге жұмыс беруші міндетті. 1.4. Еңбек қүқығынын басты ережелері Қазақстан Республикасының еңбек қәуіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық реттеуі нормативтік құқықтық актілерінен және нормативтік техникалық құжаттардан тұрады: - Еңбек ұйымының халықаралық келісімдер; - Халықаралық келісімдер; - Қазақстан Республикасының Конституциясы; - Қазақстан Республикасының заңдары мен кодекстері; - Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары; - Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары; - Қазақстан Республикасының еңбек Министрлігі және халықты әлеуметтік қорғау бүйрықтары; - Орталық уәкіл мемлекеттік органдарының бұйрықтары (Ережелері); - Техникалық реттемелер (регламент); - ССБТ мемлекетаралық стандарттар; Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы стандарттар; - Санитарлық ережелер, СЭТ, гигиеналық нормагивтер; - Қүрылыс мөлшері мен ережелері; - Әлеуметтік әріптестік актлері. Казахстан Республикасының конституциясыяа сәйкес (24 бап); 1. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке сотгың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. 2. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жүмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. 3. Ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және үжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады. 18
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==