Жилисбаева, Р.О. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау

қолданылады. Орталықтандырылған сумей жылыту жүйесінде су жылу тасымалдағыш болып табылады. Сумей жылыту жүйесі ең қауіпсіз жүйе болып саналады, себебіқыздыру қүралдары мен қүбырлардың температурасы 95 °C аспайды. Іс жүзінде қыздыру қүралдарының температурасы жоғары 70° С болмайды. Бумен жылыту жүйелері адамдар үзақ болмайтын ғимараттарда және сирек жағдайларда органикалық шаң көп шықпайтын өндіріспен байланысты өнеркәсіптік ғимараттарда қолданылады. Жарық түсіру. Жұмыс орындары мен өндірістік бөлмелерде оңтайлы жарықтандырудың ұйымдастырылуы көздің барынша аз шаршауын қамтамасыз етеді, еңбек өнімділігінің жоғарылауьша, шығарылатын өнімнің сапасының жақсаруына, сондай-ақ қауіпсіз және сау жүмыс істеу жағдайларын қүруға жағдай жасайды. Текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы адамдардың басым бөлігінің жұмысы көз тігумен байланысты. Бұл жүмыс орындарын ұтымды, тиімді жарықпен қамтамасыз ету қажеттілігін тудырады. Жарық нашар түскен жағдайда жүмысшы әйелдер машиналарға жақын түруға мәжбүр болып, онымен қайғылы жағдайға үшырау ықтимаджығын жоғарылатады. Сондықтан жұмыс орындарына жарықты оңтайлы түсіру еңбекті қорғаудың ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жарық шамалары туралы жалпы мәліметтерді, содан кейін текстиль және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында жарықтандырудың ұйымдастырылуын қарастырайық. Ғ жарьщ агымы барлық бағыттар бойыніпа шығаратын жарығына қарай бағаланатын жалпы жарық сәулесін сипаттайды. Жарық ағымының шамаларын анықтау сәуле энергиясын қабылдайтын адамның көру органдарының қасиегтерімен байланысты. Жарық ағымының бірлігі ретінде сфераның */ 4 п бөлігін қүрайтын 1 стерадианға тең дене бүрышындағы 1 шамға тең келетін жарық күшіне ие бірқалыпты жарық көзі шығаратын ағым қолданылады. Жарық ағымының бірлігі - люмен (лм) 1/683 жарық ваттқа (жарық ватт - толқыныың ұзындығы 0,555 мк тең сәуле қуаты) тең. Адамның көзінің жарық сезгіш элементтеріне толқынының ұзындығы 0,4-0,76 мк диапазонынан аспайтын сәулелер ғана эсер етеді. Мысалы, қуаты 100 Вт (кернеуі 220 В) қүрайтын қыздыру шамының жарық ағымы 1000 лм тең. Жарықтың мөлшерін анықтау үшін жарық ағымының мәнін жарықтың санын анықтауға жүмсалатын уақытқа көбейту кажет. / жарық күші жарық көзінің белгілі - бір бағытта сәуле шығаруын сипаттайды және дене бұрышының бір бірлігіне шаққандағы жарық ағымына тең. Барлық жарык бірліктерінің ішінде эталондау үпіін ең оңтайлы бірлік шам деп аталған жарық күшінің бірлігі болып шықты. 188

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==